Хабар телеарнасы

Депутаттар дәрі-дәрмектің сапасын сынады

Бұл туралы «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп мәлімдеді. Оның айтуынша, сатып алынатын дәрілердің 30% өзімізде өндіріледі. Қалған препараттар әлемнің 10 елінен тасымалданады екен. Ал компания өкілдерімен кездескен депутаттар дәріханалардағы препараттарға күмәнмен қарайтындарын жасырмады. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы: «Елімізге кейбір дәрілердің түпнұсқасы келмейді», – деп отыр. Ал сенатор Динар Нүкетаева ел азаматтарының шетелден дәрі тасып ішуге мәжбүр екендіктерін айтты.

Динар Нүкетаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Шетелге шығу мүмкіндігі болып қалса, еліміздің кез келген азаматы сөмке, чемодандарын дәріге толтырып келіп жатады. Бұл нені білдіреді? Бұл біздің елімізде сатылып жатқан дәрілердің пайдасыз екендігін көрсетеді.