Хабар телеарнасы

«Хабар» ұжымы «Біз біргеміз» акциясын қолдады

Оған «Біз біргеміз» деген атау берген. Басты мақсаты көшелерде, не болмаса жеке тұрғын үйлердің аулаларын қардан тазалауға көмектесу керек. Бұл игі бастамадан «Хабар» арнасының ұжымы да шет қалмады. Камера, микрофон, қаламдарын уақытша шетке қоя тұрып, қолдарына күрек алды. Осылайша хабарлықтар қыс бойы қармен арпалысып жүрген коммуналдық қызмет мамандарына көмекке келді.

Бұл – белгілі шоумен Тұрсынбек Қабатов пен бір топ жас бастаған игі шара. Қысы қытымыр елордада биыл қар көп жауғандықтан, қолға күрек алып, оны тазалауға ат салысу – акцияның басты міндеті.

Игі бастама тез қолдау тапты. Ғаламтор желісінде жұртшылық «Біз біргеміз» хэштегімен видеоларын салып, пайдалыс іс жасап жарысты. Тіпті ойнайтын аулаларын тазалап жүрген балалар да кезікті.

Қарлы боран мен табиғатттың тосын мінезіне қарамай, ақпарат тарататын тілшілер, операторлар, режиссерлер қолдарына күрек алып, коммуналдық қызметке орталық көшелерді тазалауға көмектесті.

Айбек Қабылша, «Хабар» арнасының тілшісі:

- Біреулер «челлендж» дер, біреулер «асар» дер, әйтеуір бізде өз үлесімізді қосып жатырмыз. «Қаланың тазалығына үлгермей жатыр» деп біреуді, әкімдікті кінәлап жатыр. Эфиріміз, жұмысымыз арасында осылай бір сағат бой жазып қалдық.

Аязды күндері бірігіп, өзгелерге көмек көрсету хабарлықтар үшін таңсық емес. Өткен жылдардағы қыста да агенттік қызметкерлері аялдамада автобусты сағаттап күткен жолаушыларды діттеген жерлеріне тегін жеткізген еді.

Авторы: Риат Шони