Хабар телеарнасы

Хубэй провинциясында коронавирустан қаза тапқандардың саны 132-ге жетті

Ал 6 мыңға жуық адам дертке шалдыққандардың қатарында. Індеттің тез таралуына қатысты АҚШ билігі Қытаймен әуеқатынасын уақытша тоқтатпақ ниетте. Нақты шешім әзірге қабылданған жоқ. Сонымен қатар әлемге танымал «Starbucks» компанясы Қытайдағы 2 мыңнан астам кофеханасын жапты. Ал Жапонияда соңғы аптаның ішінде бетперде саудасы 3 есеге артып кеткен.

Масуми Цучида, қонақүй қызметкері:

- Қонақүйде жұмыс істеймін. Клиенттеріміздің көбі Қытайдан келеді. Әрине қазір өте қауіпті екенін түсінемін, алайда үнемі бетперде киіп жүремін.