Хабар телеарнасы

ҚазҰУ негізінде ғылыми-технологиялық әл-Фараби алқабы ашылады

Ал Дамаскідегі әл-Фарабидің мемориалдық кешенінде Қазақ ұлттық университетінің филиалы құрылмақ. «Ұлы ойшыл еңбектері – уақыт талғамай, кез келген қоғамға үн тастайтын жәдігер», – дейді ғалымдар.

Ғалымқайыр Мұтанов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры:

- Ғұламаның қайырымды қоғам туралы ілімі қазіргі уақытта өте маңызды болып отыр. Сол себепті қайырымды қоғам ілімін әрі қарай дамыту үшін біздің студенттеріміз «Қайырымды қоғам» атты челлендж бастап жатыр.

Әбсаттар Дербісәлі, Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры:

- Мен 2006 жылы Сирияда Әл-Фарабидің басында болдым. Оның басындағы жазуларды оқыдым. Әл-Фараби – әлемдік тұлға. Біз әл-Фарабиді, Абайды насихаттау арқылы Қазақстанды насихаттаймыз.

Серік Нұрмұратов, Философия, саясаттану, дінтану институты директорының орынбасары:

- Қазақ халқы, рухани жаңғыру жолына түскен кезде өзіміз ғылымымызды, білімімізді, руханиятымызды гүлдендіреміз десек, бұрынғы ата бабаларымыз жасаған үлкен рухани мұраларды қайтадан көтеруіміз керек.