Хабар телеарнасы

Е.Біртанов: Қазақстанда коронавирус инфекциясы табылған жоқ

Соның 16-сы емделіп шықты. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деді. Қалған 38 науқастан лабораториялық анализдер алынып, диагностика жүргізіліп жатыр. Министрдің айтуынша, Қазақстанда 10 мың адамға арналған инфекциялық төсек-орын дайын. Қажетті дәрі-дәрмек сатып алынған. Жалпы Қазақстанда жылына 2 млн маска пайдаланылса, қазіргі қорда 5 млн сақталып тұр. Сондай-ақ бүгін министр барлық қазақстандықтан коронавирус туралы жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Кейбір өңірлерде коронавирус инфекциясымен науқастар тіркелді» деген фейктер шықты. Ол рас емес. Қазіргі күні елімізде бірде-бір ауру тіркелген жоқ. Бірақ айтып кеткендей азаматтар жоғары температурамен бақылауда жатыр. Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде фейк ақпарат таралып жатыр. Осындай ақпаратқа сенбеуді және оларды таратпауды сұраймын.