Хабар телеарнасы

Ақтөбе мектептерінің асханаларынан ішек таяқшасы табылды

Құзырлы мекеме қызметкерлері өңірдегі 166 білім беру мекемесінің асханасынан сынама алып, бірқатар кемшілікті анықтаған. Асханаларда желдету жүйелері дұрыс жұмыс істемейді. Тіпті кейбір мектепте тағам бекітілген ас мәзіріне сәйкес дайындалмайды. Ондаған тамақ өнімінен ішек таяқшасы бактериялары анықталды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша осы олқылықтарға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданылуда.

Гүлбану Дәулетова, Тауарлар мен қызмет сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Анықталған бұзушылықтар бойынша 1 млн-нан астам жауапты адамға айыппұл салынды. 44 ұйғарым беріліп, оның қазіргі таңда 41-і орындалды. Ал 3-еуі бақылауда.