+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматыда Еуразиялық медиа форумның үшінші жұмыс күні басталды

Алматыда Еуразиялық медиа форумның үшінші жұмыс күні басталды

Бүгінгі күннің алғашқы сессиясы «Қоршаған ортаның эволюциясы: Қашып құтылмайтын ақырзаман ба әлде жасыл экономикаға көшу ма?» деп аталады.

Ұлан Нарынбек, тілші:
-Әдетте ауа райы болжамы жаңалықтардың соңында айтылады. «Алдағы жылдары ол басты жаңалыққа айналуы мүмкін», – дейді сессияға қатысып отырған спикерлер. Өйткені жаһандық климаттың өзгеруі қазірдің өзінде байқалып отыр. Мысалы, сессияның модераторы Кристофер де Вер Уокер 1960 жылдан осы уақытқа дейін Тянь-Шань тауының мұздықтары 30 процентке дейін азайғанын айтады. Мұздықтардың азаюы Гималай тауында да байқалады. Спикерлердің пікірінше, су дағдарысы күшейе береді. Экологиялық эволюцияға арналған мәжіліске Нобель сыйлығының лауреаты, Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың вице-төрағасы Мохан Мунасингхе де қатысып отыр. Мунасингхе мырзаның пікірінше, климаттық өзгерістерден әуелі артта қалған мемлекеттер көп зардап шегеді. Өйткені табиғи апаттарды болжауға, оның салдарымен күресуге олардың қаржылары жеткіліксіз. Сондықтан спикерлер табиғи қорларды үнемдеп, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға шақырып отыр. «Ол үшін экономикалық модельді өзгерту керек», – дейді. Форум жұмысы бүгін аяқталады. Алдағы сессияларда блогерлік саланың дамуы, құндылықтар эволюциясына арналған тақырыптар талқыланады.

Сондай-ақ...