Хабар телеарнасы

Ничего личного


«Бенефис-шоу»

«Бенефис-шоу»

Бағдарламаның әр саны халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген өнер жұлдыздарына арналады.

Тұлғаның жеке өмірінен бастап, қоғамдағы орны мен шығармашылығына дейін толық қамтылып, оның әріптестері, достары, туған-туыстары өнерпаздың азаматтық және кәсіби ерекшеліктері турасында сыр шертеді. Ал әнші болса, бағдарлама барысында өз репертуарындағы хит әндерін орындайды.

Жобаның басты мақсаты - табиғи дарыны мен ерен еңбегінің арқасында кәсіби біліктілікке қол жеткізген тұлғаның игі қасиеттерін көпке үлгі ету, жұртқа беймәлім қырларын таныту.

Дарыны қарымын арттырған, өнері өрісін кеңейткен, сақтығы саясатшы қылған, талабы танымалдыққа жеткізген әр саланың жұлдыздары тек қана «Бенефис-шоу» төрінде.

Эфир уақыты: әр сенбі, 19.50-де 

Жүргізушілер: Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина

Продюсер: Әсел Тұрсынғазина

Шеф-редакторлар: Жанна Жайлаубайқызы, Әділбек Құламан

Режиссерлер: Ақылбек Шалжанов, Нұрсерік Қамбар

Сценаристер: Нұрлан Қабдай, Асқар Дүйсенбі, Мақпал Мадиярова

Редакторлар: Бақытгүл Төрехан, Динара Нұрахмет

Байланыс: +7(7172) 553-721 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«Айтұмар»

«Айтұмар»

«Айтұмар» бағдарламасы ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерге арналған тележоба.

Бағдарлама төрт айдардан тұрады. Тақырыпқа байланысты арнайы шақырылған қонағымыз өз ойымен бөліссе, «Ас мәзірі» айдарында кәсіби аспаз тіл үйірер тағам дайындаудың қыр-сырын үйретеді. Арнайы маман кеңесін тыңдап, «Айтұмармен» бірге «Қолөнер» айдарында өз қолыңызбен шебердің жасағанын дүниесін жасап үйренесіз.

Бағдарламаның мақсаты - барлық әйел затына қажетті ақпарат пен пайдалы кеңес беріп қана қоймай, күнделікті өмірде қажетіңізге жарайтын іс-әрекетке баулу. Көрермендермен тың әрі өзекті тақырыптармен бөлісу.

Эфир: дүйсенбі-жұма аралығы, 07.00-де

Продюсер: Ерке Байжігітова

Қоюшы-режиссер: Ажар Валиева  

Қонақ жөніндегі редактор: Мөлдір Хамитова

Сценаристер:  Айнұр Қалдарбек, Жанар Әбсадық, Гүлзина Бектасова

Директор:  Жанна Исабаева

Байланыс: +7(727) 279 40 15 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Өндіруші: «Sun Production» компаниясы

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«ТВ Бинго»

«ТВ Бинго»

Қазақстандықтар 10 жыл бойы «ТВ Бинго» ойынын ойнап келеді.

Лотореялық ойынның қатысушысы атану үшін бар болғаны билет сатып алуыңыз керек. Сол бір ғана билет сізді мол қаржылық сыйлықтың иесі атандыра алады. Айта кетерлік жайт, ойынның қызығын сырттан бақылаушылар да аз емес.

Эфир уақыты: әр дүйсенбі, 19.00-де

Бағдарлама жүргізушілері: Маржан Қазыбаева мен Сергей Погосян

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«Ас арқау»

«Ас арқау»

Бүгінде бүкіл әлем азық-түлік мәселесін қалай шешуге болады деген жаһандық мәселеге бас қатыруда.

Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға дайындалуда, сондай-ақ алда дамыған 50 елдің қатарына ену міндеті тұр. Қос бірдей міндет отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігімен тығыз байланысты. Әлемдегі азық-түлік дағдарысы мен жаңа халықаралық мүмкіндіктерді ескере отырып, Қазақстан аграрлы ел ретінде азық-түлік мәселесін стратегиялық жоспарына арқау етіп алуы тиіс. 

Эфир уақыты: әр жексенбі, 11.00-де

Бағдарлама жүргізушісі: Айгерім Ермұратқызы

Мекенжайы: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі 37 үй, 209-216 кеңселері

Байланыс телефоны/факс:  8 (727) 278-05-45

                                                8 701 559 45 93

 {gallery}Gallery/prodvopros{/gallery}

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«Айбын»

«Айбын»

Әскери-патриоттық бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстан Қарулы күштерінің, мемлекеттік шекарашылары мен ішкі әскерлерінің әлеуетін паш ету.