Хабар телеарнасы

Статьи


«Сәтті сауда»

«Сәтті сауда»

Сіз дүкенге бардыңыз, керек заттарды алдыңыз да кассаға қарай бет алдыңыз. Міне, осы сәтте...

Бұған дейін ойын алаңына түскеніңізді ойламаған да едіңіз. Жуық арада сауда алаңының түсірілім алаңы боларына біз көз жеткіземіз. Тек студиядағы бағдарламадан айырмасы көп. Мұнда жоспарлы қойылымдық пландар болмайды. Шынайы өмірдегі тұтынушылар, шынайы жағдаяттар мен викторинаға қатысуға деген қызығушылық - мұның бірі де «Сәтті сауда» жобасының «кілті». Жоба авторлары кез келген көрерменнің ойынға қатысып, өз өрелі танымын сынап көрмектен бас тартпайтынына сенімді.

Оған қоса мұндай «Cash Cab» форматындағы реалитидің телевидениені ұғынықты және қарапайым деңгейге жеткізгенін айтады. Шын мәнінде, көрермендер осындай шынайы және ешбір әзірліксіз жасалған ойындарға жанкүйер болады. Себебі оған қатысушылардың орнында өзі де болуы мүмкін ғой.

Сонымен, кәдімгі супермаркет, кассадағы кезек. Сатып алушылардың біріне режиссер ассистенті келіп, ойынға қатысуға ұсыныс жасайды. Жүргізуші ойын тәртібін түсіндіреді. Викторинаның 10 сұрағына дұрыс жауап берсе, корзинадағы заттардың өтемін жасауға болады. Біріншісі, алынған тауардың бағасына байланысты. Келесі тоғызы қиынырақ, бірақ олар ұтыс көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді. Егер жолыңыз болса, ақша барлық алған тауардың құнын өтеуге жетуі мүмкін.

Ал эфирден кейін «Сәтті сауда» викторинасының жеңімпазын көршілері мен қызметтестері зор ықыласпен қарсы алады!

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«Біздің үй»

«Біздің үй»

Бағдарламаның жанры - отбасылық-әлеуметтік шоу.

Отбасында қанша адам болса, сонша мінез бар. Атасы қазымыр, енесі қатыгез, ұл болбыр, келін төркіншіл болып шығып, отбасында қиындықтар туындайды. Өз ағайынының күншілдігіне, нағашының сыншылдығына дөп келіп, ол қайын жұрттың міншілдігіне ұласып, әулет әуре-сарсаң, дау-жанжалдан көз ашпауы мүмкін.

Тиісінше бір сынақ, бір қиындықтың өзі әр отбасыға әртүрлі әсер етеді. Бір әулетті жұдырықтай жұмылдырса, бір шаңырақ опырылып ортасына түседі. Әркім ақыл-шамасына қарай түрлі жол табады.

Ал «Біздің үйде» бір отбасы бір отбасыға мысал. Бір әулет бір әулетке үлгі. «Біздің үйде» түрлі тағдырлар тоғысады, түрлі мәселенің мән-жайы ақтарылып, шешімі көзделеді. Сіз де біздің үйдің бір мүшесісіз. Енжарлық танытпаңыз, «Біздің үйге» келіңіз!

Жүргізушілер: Әсел Акбарова, Айнұр Тұрсынбаева

Продюсер: Әсел Тұрсынғазина

Шеф-редактор: Әділбек Құламан

Режиссерлер: Ақылбек Шалжанов, Нұрсерік Қамбар, Ғалымжан Баязитов

Редакторлар: Толқын Болыспаева, Мадина Кеңес

Администратор: Айдар Ұлықпан

Байланыс телефондары:  8/7172/ 553-721, 553-719

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«Бенефис-шоу»

«Бенефис-шоу»

Бағдарламаның әр саны халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген өнер жұлдыздарына арналады.

Тұлғаның жеке өмірінен бастап, қоғамдағы орны мен шығармашылығына дейін толық қамтылып, оның әріптестері, достары, туған-туыстары өнерпаздың азаматтық және кәсіби ерекшеліктері турасында сыр шертеді. Ал әнші болса, бағдарлама барысында өз репертуарындағы хит әндерін орындайды.

Жобаның басты мақсаты - табиғи дарыны мен ерен еңбегінің арқасында кәсіби біліктілікке қол жеткізген тұлғаның игі қасиеттерін көпке үлгі ету, жұртқа беймәлім қырларын таныту.

Дарыны қарымын арттырған, өнері өрісін кеңейткен, сақтығы саясатшы қылған, талабы танымалдыққа жеткізген әр саланың жұлдыздары тек қана «Бенефис-шоу» төрінде.

Эфир уақыты: әр сенбі, 19.50-де 

Жүргізушілер: Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина

Продюсер: Әсел Тұрсынғазина

Шеф-редакторлар: Жанна Жайлаубайқызы, Әділбек Құламан

Режиссерлер: Ақылбек Шалжанов, Нұрсерік Қамбар

Сценаристер: Нұрлан Қабдай, Асқар Дүйсенбі, Мақпал Мадиярова

Редакторлар: Бақытгүл Төрехан, Динара Нұрахмет

Байланыс: +7(7172) 553-721 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«Айтұмар»

«Айтұмар»

«Айтұмар» бағдарламасы ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерге арналған тележоба.

Бағдарлама төрт айдардан тұрады. Тақырыпқа байланысты арнайы шақырылған қонағымыз өз ойымен бөліссе, «Ас мәзірі» айдарында кәсіби аспаз тіл үйірер тағам дайындаудың қыр-сырын үйретеді. Арнайы маман кеңесін тыңдап, «Айтұмармен» бірге «Қолөнер» айдарында өз қолыңызбен шебердің жасағанын дүниесін жасап үйренесіз.

Бағдарламаның мақсаты - барлық әйел затына қажетті ақпарат пен пайдалы кеңес беріп қана қоймай, күнделікті өмірде қажетіңізге жарайтын іс-әрекетке баулу. Көрермендермен тың әрі өзекті тақырыптармен бөлісу.

Эфир: дүйсенбі-жұма аралығы, 07.00-де

Продюсер: Ерке Байжігітова

Қоюшы-режиссер: Ажар Валиева  

Қонақ жөніндегі редактор: Мөлдір Хамитова

Сценаристер:  Айнұр Қалдарбек, Жанар Әбсадық, Гүлзина Бектасова

Директор:  Жанна Исабаева

Байланыс: +7(727) 279 40 15 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Өндіруші: «Sun Production» компаниясы

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«ТВ Бинго»

«ТВ Бинго»

Қазақстандықтар 10 жыл бойы «ТВ Бинго» ойынын ойнап келеді.

Лотореялық ойынның қатысушысы атану үшін бар болғаны билет сатып алуыңыз керек. Сол бір ғана билет сізді мол қаржылық сыйлықтың иесі атандыра алады. Айта кетерлік жайт, ойынның қызығын сырттан бақылаушылар да аз емес.

Эфир уақыты: әр дүйсенбі, 19.00-де

Бағдарлама жүргізушілері: Маржан Қазыбаева мен Сергей Погосян

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында