Статьи


«ТВ Бинго»

«ТВ Бинго»

Қазақстандықтар 10 жыл бойы «ТВ Бинго» ойынын ойнап келеді.

Лотореялық ойынның қатысушысы атану үшін бар болғаны билет сатып алуыңыз керек. Сол бір ғана билет сізді мол қаржылық сыйлықтың иесі атандыра алады. Айта кетерлік жайт, ойынның қызығын сырттан бақылаушылар да аз емес.

Эфир уақыты: әр дүйсенбі, 19.00-де

Бағдарлама жүргізушілері: Маржан Қазыбаева мен Сергей Погосян

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«Ас арқау»

«Ас арқау»

Бүгінде бүкіл әлем азық-түлік мәселесін қалай шешуге болады деген жаһандық мәселеге бас қатыруда.

Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға дайындалуда, сондай-ақ алда дамыған 50 елдің қатарына ену міндеті тұр. Қос бірдей міндет отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігімен тығыз байланысты. Әлемдегі азық-түлік дағдарысы мен жаңа халықаралық мүмкіндіктерді ескере отырып, Қазақстан аграрлы ел ретінде азық-түлік мәселесін стратегиялық жоспарына арқау етіп алуы тиіс. 

Эфир уақыты: әр жексенбі, 11.00-де

Бағдарлама жүргізушісі: Айгерім Ермұратқызы

Мекенжайы: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі 37 үй, 209-216 кеңселері

Байланыс телефоны/факс:  8 (727) 278-05-45

                                                8 701 559 45 93

 {gallery}Gallery/prodvopros{/gallery}

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«Айбын»

«Айбын»

Әскери-патриоттық бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстан Қарулы күштерінің, мемлекеттік шекарашылары мен ішкі әскерлерінің әлеуетін паш ету. 


«Жаңа күн»

«Жаңа күн»

Бағдарламаның жаңа форматы ауқымы кең аудиторияға арналады.

Мақсат – қазақстандықтарға таңертеңнен бастап көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, сергіту, олардың өмірге деген құштарлығын арттыру.

Күнді қалай бастасаң, солай өтетіні белгілі. Жалықтырмайтын жаңалықтар, әсем әуен, әзілдер, тіпті ас мәзірлерін дайындау тәсілдері өзіндік жанрлар мен айдарлар түрінде көрерменге жеткізіледі.

Сондай-ақ қазақ тіліндегі бөлімде ұлттық құндылықтарға қатысты айдарлар (қолөнер, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар) көбейді.

Әр таңды «Жаңа күнмен» қарсы алсаңыз, кешке дейін шат-шадыман көңіл-күйде жүресіз! Жаңа күн күліп атсын!

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы 08.00-де

Байланыс телефондары: +7 707 31 33 863 

                                            + 7 (727) 2668170

                                            +7(707) 920 25 18

 

www.telemasters.kz

 {gallery}Gallery/zhana_kun{/gallery}

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында


«Орталық «Хабар»

«Орталық «Хабар»

Бағдарламада ел назарындағы ең басты оқиғалар талқыланады. 

«Орталық «Хабар» студиясында талқыға түсетін тақырыптар - газет, эфир немесе ғаламторда жарияланған кез келген ақпарат.

Ең бастысы, сол ақпараттың бағдарлама қатысушыларына ғана емес, көрермендерге де қызықты болуы. Шығармашылық топ тек қызықты, жедел әрі біздің өмірімізге әсері болатын жайттерді көрсетуді ұйғарды.   

Оған қоса шығармашылық топ бағдарлама шығаруда қалыптасқан қатаң тіпті қасаң тәртіпті ескеруден бас тартты. Бұл белгілі бір қалыпқа сыймайтын, стандартты емес және көп жанрлық бағдарлама болмақ. Сақталатын басты талап біреу ғана - өзекті, қызықты және шынайы дүниелер ғана эфирге шығарылады.

Студия қонақтары - белгілі және біртуар тұлғалар. Біз олармен бірге әлемдік саясат пен экономика, мәдениет пен өнер, шоу-бизнес, білім, ғылым сияқты түрлі салалардағы жаңалықтармен таныс боламыз. Және тек қана «Орталық «Хабарда» баспасөз үшін ұдайы қолжетімсіз болып келген жайттар айтылады.

Мәселен, бұрынғы министрлер немен шұғылданып жүр? Бұрынғы чемпиондардың күнкөрісі қай деңгейде? Неліктен кейбір фильмдер кинотеатрларда бірінші көрсетілімнен кейін іле-шала экраннан ғайып болды?        

Сондай-ақ сіздер осы хабарда жасалатын қызықты сынақтардың нәтижесіне көз жеткізе аласыздар. Мысалы, қымыз ішсең масайып қалуың мүмкін деген рас па? Шындығында кола сусыны азық-түлікті ерітіп жібере ала ма? Үш күн ішінде ағзаға ешбір зиянын келтірмей арықтауға бола ма? 

Сіздер ғаламтор желісіндегі озық дүниені, жаһандағы оқиғалар, театр қойылымдарының кестесі мен кино әлеміндегі тың жаңалықтарды көріп, біле аласыздар.  

Эфир уақыты: Жұма, 19.00-де

 Жүргізуші:  Сырым Қашқабаев

Продюсер: Әсел Тұрсынғазина

Қоюшы режиссер: Ернат Бапанов

Атқарушы продюсер: Әділбек Құламан

Редактор: Динара Нұрахметова, Айдар Ұлықпан

Администратор: Нұршаш Бақыт

Байланыс: +7(7172) 55-35-11, +7(7172) 55-37-25

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында