×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 73

Тележобалар

Астанада «Қазақстан аруы-2015» байқауы өтеді

Астанада «Қазақстан аруы-2015» байқауы өтеді

«Қазақстан аруы-2015» байқауының жеңімпазына 5 миллион теңге сыйақы тағайындалды. Ұлттық байқау саналатын бұл жарыстың биылғы ерекшелігі басты титулға ие болған бойжеткенге «Қыз жасауы» сыйға тартылады.

Ал бәйге күні 10 желтоқсанға белгіленген.

Бұл датаға дейін еліміздің барлық өңірінен келген 30 үміткер «Астана» футбол клубына қолдау білдіру шараларына қатысады. 

Сондай-ақ жетімдер үйіне, қарттар мен мүгедек жандар үйлеріне барып қолғабыс етеді. 

Айта кетейік, «Қазақстан аруы-2015» атағына үміткер қыздар қатарында мектеп оқушылары да бар. 

Алена Кырбасова-Ривлина, «Қазақстан аруы» байқауының президенті

-Байқауға дейінгі дауыс беру жұма күні «Қазақстан аруы-2015» сайтында басталады деп жоспарланған. Жеңімпаз бойжеткен Қазақстан атағын «Әлем аруы» байқауында қорғайтын болады. Бұл – сұлулық сайысындағы ең ауқымды жоба.

Балым Жеңісбекқызы, байқауға қатысушы

-Мектепте мені мұғалімдер қолдап жатады. Олар менің мұндай сайыстарға қатысатынымды, музыкамен айналысатынымды біледі. Олар өнер адамдарын жақсы көреді. Мен ұтсам, өте қуанышты болар едім.