Хабар телеарнасы

Astana Arlans. WSB VI маусым

23 қаңтардан бастап 2 сәуірге дейін «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) алтыншы маусымының жарыстары көрсетіледі. Оған «Astana Arlans» командасының спортшылары қатысады. 

«Хабар» команданың ресми ақпараттық серіктесі және жекпе-жектерді эфирде, сонымен қатар khabar.kz сайтында онлайн режимінде тамашалауға мүмкіндік бар.  

WSB алтыншы маусымында 16 клуб қатысады. Серияны екі рет жеңген «Astana Arlans» клубы осы жылы 30 боксшыны шаршы алаңға шығарады. 

 

«Astana Arlans» жекпе-жектерінің кестесі:

23 қаңтар, 18.00-де – «Astana Arlans» -«Azarbaijan Baku fairs» (Қарағанды қаласы, Қазақстан)

6 ақпан , 20.00-де – «Puerto Rico Hurricanes» - «Astana-Arlans»  (Сан Хуан қаласы, Пуэрто-Рико)

27 ақпан,  00.00-де – «Uzbek tigers» - «Astana-Arlans» (Ташкент қаласы, Өзбекстан) 

4 наурыз, 22.00-де – «Azarbaijan Baku Fires»- «Astana-Arlans» (Баку қаласы, Әзірбайжан) 

19 наурыз, 19.00-де – «Astana-Arlans» - «Puerto Rico Hurricanes» (Петропавл қаласы, Қазақстан)

2 сәуір, 19.00-де – «Astana-Arlans»- «Uzbek tigers» (Өскемен қаласы, Қазақстан) 

22-23 сәуір, 19.00-де – «Astana-Arlans». Ширек финал