Хабар телеарнасы

Чехия президентінің эксклюзивті сұхбаты

Чехия президентінің эксклюзивті сұхбаты

Қазақстан мен Чехия қарым-қатынасының болашағы, саяси көшбасшы болудың сыры мен сүйікті хоккей командасы туралы айтқан Милош Земан біздің арнамызға эксклюзивті сұхбат берді. 

Милош Земан, Чехия Республикасының Президенті

- Қазақстан - экономикалық ғажайып десем артық емес. Өйткені бұрын Германия қандай еді? Жапония, Оңтүстік Корея қандай мемлекеттер еді? Ендігі кезек Қазақстанға келген сияқты. Менің ойымша, қазір экономикалық ахуалы жоғары елдер немесе аймақтар болашақта да табысты ел болып қалмауы мүмкін. Барлығы да дұрыс экономикалық саясат пен табиғи ресурстарға байланысты болады. 

Біздің түсіру тобымызбен Милош Земан Астанадағы ерекше құрылыс жолының идеяларымен бөлісті. Сондай-ақ алда чех кронасының біріккен еуроға өтетінін мәлімдеді. 

СҰХБАТ ВИДЕОСЫ