Хабар телеарнасы

«I Love Astana» байқауының жеңімпаздары анықталды!

«I Love Astana» байқауының жеңімпаздары анықталды!

Нәтижесінде арна көрермендері ерекше белсенділік танытып, 400-ден астам сурет байқауға қатысты. Олардың арасынан ең үздігін «Хабар» арнасының тележүргізушісі Әсел Акбарова мен ұжымымыз таңдап алды. 

Сонымен әділ қазылар шешімі бойынша @altynshash91 және @irmajess есімді талантты қыздар бас жүлдеге лайық деп танылды. Айта кетейік, байқау қатысушылары өз жұмыстарын инстаграм желісі мен сайтқа тікелей жолдауы бойынша жариялауға мүмкіндік алған болатын.

Байқау жеңімпаздарына Астананың 17 жылдығына арналған мерекелік концертке 4 билет сыйға тартылады. Үздіктерді жеңісімен құттықтай отырып, назарларыңызға олардың суреттерін ұсынамыз.

«I Love Astana» байқауына қатысып, сүйікті қаласына деген ыстық ықыластарын жеткізген барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.