Хабар телеарнасы

Арнамызда жаңа маусым!

Арнамызда жаңа маусым!

17 тамыздан бастап «Хабар» арнасында ақпараттық хабар таратудың жаңа маусымы басталады. Дүйсенбі күні «Қорытынды жаңалықтар» мен «Итоги дня» бағдарламалары сіздерге еліміздің ең басты жаңалықтарын жеткізуге асығады. 

Соңғы бірнеше айда арна ұжымы көп еңбектенді, оқыды, тоқыды, қателіктен сабақ алды, үйренді және дегеніне де жетті. Осы уақыт ішінде жаңалықтар редакциясы білікті, креативті жас журналистерге, кәсіби продюсерлерге, талантты режиссерлар мен танымал тележүргізушілерге толықты. Жаз бойы бүкіл шығармашылық топ түрлі тренингтерге қатысып, білімдерін арттырды. Күні бүгінге дейін ілім іздеуден ешкім де жалыққан емес. Телевизия жанрының нағыз шеберлері Игорь Золатаревский, Вадим Мекертычев пен Дарья Огирден тәлім алып, теория мен практиканы ұштастыра білді.

Бұл жолы ақпараттық бағдарламаның өзгеше стильде шығуына мән берілді. Тілшілердің сараптамалық сюжеттері жүргізушінің авторлық көзқарасымен толыға түспек. Мұнан өзге де тосын сыйлар әзірледік.

Соның ішінде біздің қорытынды бағдарламалардың автор-жүргізушілері де бар. Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде Ақсәуле Әлжан мен Сергей Гергильдің телевидениеге қайта оралуы талқыланды. Олар эфирге сән бере отырып, телеарна жұлдыздары Вера Негрий және Ғани Өтепбайұлымен жүргізушілік жұп құрды.

Өзгеріссіз қалған «Хабар» арнасының көздеген қағидаты – еліміз бен әлемнің ең басты, маңызды ақпараттарын жедел әрі сапалы жеткізу. Сондықтан телевизияның жаңа маусымын тамашалап, жаңалықтар көріңіздер! Пікір білдіре кетуді де ұмытпаңыздар! Ұнамаса, сын айтыңыз, болмаса жақсы көріп сүйсініңіз, тек қалыс қалып жүрмеңіз! Біз сіздер үшін еңбек етеміз! 

17 қыркүйектен бастап сағат 20.00 және 21.00-де арнамызды қосыңыздар!