Хабар телеарнасы

Н.Назарбаев: Мен әрқашан барлық істе көшбасшы болғым келді

Фильмді түсіру идеясы 2015 жылы пайда болған, осы күнге дейін мыңдаған деректі фильмдер мен мұрағаттық бейнематериалдар қаралды, солардың ішінен Нұрсұлтан Назарбаев туралы ең қызықты, беймәлім ақпараттар іріктелді. Түсірілім сұхбат форматында Елбасының үйінде өткізілді. Картинада өзге тұлғалар, кадр сыртындағы мәтін жоқ. Хабардың ұзақтығы 45 минутты құрады.

«Көбінесе, Н.Назарбаевтың тұлғасын қателік жасамайтын, адами уайымға берілмейтін, махаббат пен түңілудің не екенін білмейтін ірі тұлға ретінде көргілері келеді.  Шынында, оның барлығы олай емес. Көрермен ретінде маған және басқаларға да оның өзге қыры қызықты деп ойлаймын. Сондықтан сұхбатты Нұрсұлтан Назарбаевтың үйінде алдық, ол бейресми атмосфераны қалыптастарды. Ол өз үйінде жоғары шенді шенеунік емес, қарапайым адам. Сондықтан да Елбасы бұрынғыға қарағанда осы жолы ашық болған сияқты», - деді деректі фильмді дайындаған Ярослав Красиенко.

Фильм ең алдымен көрерменге қызықты етіп жасалғандықтан жеке сәттерге көп көңіл бөлінді. Айта кетсек, фильмді дайындаушылар XX ғасырдың 90-шы жылдардың атмосферасын беруге тырысқан. Жеке мәліметтер туралы айтып отыруы Президент теңізге қарағанда не ойлайтынын және ешқашан Президент болуды армандамағанын айтты.

«Мен балалық кезімде, мектепте, университетте, металлургиялық комбинатта президент болам деп армандамадым. Менің  өзге қалауым кез келген істе көшбасшы болуды қалайтынмын. Ол менде қалыптасқан. Мектеп пен университетте мен бірінші болдым», - деді Елбасы.

«Менің мақсаттарым айқын болды – үзеңгілестерімнің арасында және әріптестерімнің арасында бірінші болу. Бұл менің әрқашан еңбек етуіме түрткі болды,  мен өз кәсібімді үнемі зерттеумен болдым.  Кез келген кәсіп оны жақсы көретін болсаң бақытқа айналады», - деді Н.Назарбаев.

Деректі фильмнің бір эпизодында тарихи оқиға қозғалады – 1986 жылдың ақпанындағы ҚазКСР КП XXVI съезіндегі Елбасының баяндамасы. Ол кезде баяндамада экономика басшылығындағы маңызды кемшіліктерді анықтап, қызметтік тәртіп бұзу мен шаруашылықсыздандыру туралы айтқан болатын. «Әрине, бұл бунтарлық баяндама болды, мен оны айтпай тұра алмадым, өте қиын болған еді. Мен өзім сыйлайтын басшыма тиістім. Мен бірақ жеке басына тиіспедім, экономика туралы айттым. Бірақ, мен оған соншалықты ауыр тиеді деп ойламадым. Ал мен өзім оған жәрдемдесіп жаттым деп ойладым. Мен сол кезде ол түсінген  шығар деп ойладым», - деп Н.Назарбаев фильм барысында есіне алды.

Келесі эпизодта Нұрсұлтан Назарбаев өзінің балалары мен отбасы туралы айтты, ол өзін қоғамда қалай айтатынын білетіндігін айтты. Айта кетерлігі, дайындаушылар фильм түсіру кезінде бірқатар қиыншылыққа тап болған. Мәселен, 90 жылдардағы онжылдық құжаттарын іздеу қиынға соқты. Автор тығырықтан жол табу кезеңін көрсеткісі келді, материалдар барлық Қазақстан өңірлерінен жиналды. Сондай-ақ, бейнені сүйемелдейтін әуезді ән де жазылды.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайында түсірілген бірнеше деректі фильм бар. Тәуелсіздік жылдары түсірілегендердің саны шамамен 25. Олар: «Тұңғыш», «Президенттің уақыт пен өзі жайлы ойы», «Көшбасшылықтың жасампаз күші», «С Назарбаевым - о главном», «Загадка Первого», «Назарбаев. LIVE» фильмдері бар.

Индира Кауметова

Дерекөз: http://strategy2050.kz