Хабар телеарнасы

«Бурабайда. Туризмді дамыту»

Қасиетті Көкше төрінде сұхбат берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Ұлттық інжу-маржанымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында бұл жерде 16 жыл бұрын Бурабай Ұлттық табиғи бағы құрылған. 
 
Жыл сайын аймақта құрылыс жұмыстары қарқын алып, тиісті инфрақұрылымдар бой түзеп келеді. Аймақты аралаған Нұрсұлтан Назарбаев осы атқарылған істердің бағасын беріп, болашақ жұмыстардың жөн жобасын айтып берді.  
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Еліміздің осындай әдемі жерлерінде көп жұмыстар жасау керек. Әрине, бұл тиісті қаражатты керек етеді. Мынадай қиыншылық жағдайда оңай емес. Дегенмен түбінде әрбір келген туристке 1 теңге салатын болсаң, ол Қазақстанға 10 теңге пайдасын әкеледі. Сондай үлкен пайдасы бар. Сондықтан біз осыған қаражат салып, Қазақстанның әр түкпірінде осындай туристік жағажайларды іске қосуымыз керек. Ол – жергілікті әкімшіліктердің де міндеті. Мемлекеттің де міндеті. Біздің даламыз да әдемі, тауымыз да әдемі, өзендеріміз, көлдеріміз де әдемі. Соның бәрін дүние жүзіне паш етіп, халыққа пайдасын әкелуіміз керек. 

Жуырда Бурабай ТМД елдеріндегі курорттық аймақтардың үздік үштігіне енді. Мұнда қонақтарға көрсетілетін қызмет түрлері жыл санап түрленіп келеді. Жазда атпен, қыста шаңғымен серуендеуге болады. Көлдің айналасында жаяу жүргіншілер мен велосипед жолы салынған. Жасыл желек аумағы 15 жылда 35 пайызға кеңейген. Бүгінде 130 мың гектарға жуықтаған көк кеңістікте өсімдіктің 760-қа жуық түрі өседі. 300-ден астам аң-құс мекен етеді. Кейбірі сирек кездесетін, я жойылуға жақын. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселесі төңірегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз ойымен бөлісті. 
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-В одно время все питьевую воду брали из этих озер и уровень воды начал снижаться. Поэтому была поставлена задача из Кокшетау Сергеевское водохранилище притащить сюда водовод. Этот водовод сейчас здесь. Вы посмотрите сейчас все озера подняли свой уровень и восстановились. Это было очень важно сохранит озера, сохранит экологическую чистоту этого региона была очень важно. Мы это сделали. Вторая задача, центральное отопление сделать. Чтобы каждый  не топил. И не пускал дым в эту прекрасную природу. Сейчас область занимается строительством ТЭЦ. Третий вопрос, чтобы отечественные сооружения были здесь, которые не загрязняли водоемы. Этот вопрос сейчас перед нами стоит.