Хабар телеарнасы

«Хабар» агенттігі жаңа маусымның тұсаукесерін өткізді

Телеотбасының үш арнасы, яғни «Хабар», «Хабар 24» және «Kazakh TV» шара қатысушыларына күзгі маусымның жаңа жобаларын таныстырды.

Кешті Нұрсұлтан Құрман және Мая Бекбаева жүргізді. «Өгей жүрек» телехикаясының саундтрегін орындаған «Алау» тобы, халық әндерінің попурриімен «Белес» тобы, «MegaBeat» тобы және «Биле, Қазақстан!» жобасының қатысушылары өнер көрсетті.

Жаңа маусымда «Хабар» арнасының эфирі «Білу маңызды» және «Біздің назарда» сынды өзекті мәселелерді талқыға салатын әлеуметтік бағдарламалармен толықты.

Ойын-сауықтық бағдарламалар арасында халықаралық «So You Think You Can Dance» би шоуының франшизасы «Биле, Қазақстан!» жобасы бар.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Ақылдың кілті. Өмірдастан» телеэпопеясы мен «Бәсеке» сериалының екінші маусымын, әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқов туралы өмірбаяндық картинасын, «Унесенные рейсом» және басқа да туындылар тізбегін ұсынбақ.

Тәуелсіздік күніне арнайы «Пай-пай, 25» және «Наши 25» бағдарламалары көрсетіледі. Бұл жобалардың барлығы 1991 жылдан бастап мемлекеттің жеткен жетістігі туралы паш етеді.

Жаңалықтарға маманданған «Хабар 24» арнасында сараптамалық және репортаж жанрындағы бағдарламалар саны артады. Сонымен қатар экономика, спорт және халықаралық шолулар, арнайы авторлық репортаждар, баспасөзге шолу және көптеген жобалар әзірленуде. Жаңа маусымда «Нарық айнасы», «Культвояж», «Медицина», «Олимп» және «Ақша әлемі» хабарлары бар.

«Kazakh TV» арнасын ауқымды өзгерістер күтіп тұр. 25 қазан күні «Білім және Мәдениет» және «Kazakh TV» арналары бірігіп шығады. Жаңарған арна Қазақстан және оның сыртында жұмысын жалғастыра бермек. Шетелдегі көрермен үшін ағылшын жәна қазақ тілдерінде, ал мемлекетімізде орыс және қазақ тілдерінде шығады.

Өз сөзінде Басқарма Төрайымы Алмагүл Ахметжанова: «Біз бір орында тұрмаймыз, үнемі компаниямызды жақсарту жолдарын іздейміз. Бүгін жаңарған арналарымыздың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын, шама-шарқын көрсету үшін жиналдық»,- деді.

 

 

1
10
13
16
19
21___ 1
4
7
99
IMG_2121
IMG_2126
IMG_2137
IMG_2139
IMG_2158
IMG_2182
IMG_2209
IMG_2211
IMG_2219
IMG_2255
IMG_2292
IMG_2383
IMG_2425
IMG_2437
IMG_2449
IMG_2606