Хабар телеарнасы

Елбасының БАҚ өкілдерімен сұхбаты

Елбасының БАҚ өкілдерімен сұхбаты

Президент әңгімесінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында инфрақұрылымға көптеп мән берілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ индустриаландыру бағдарламасы бойынша орта және шағын бизнесті дамыту ісі де кеңінен қолға алынатынын атап өтті.

Бұл шаралар алдымен тұтынатын тауарларды өз елімізде шығарып, импортқа тәуелділіктен арылуға септігін тигізеді.  «Ал әлемдік дағдарыс - уақытша құбылыс. Өтеді де кетеді. Оны еңсеру үшін бізде қажетті қор жеткілікті. Сондықтан байбаламға салып, дүрліге берудің қажеті жоқ», - деді Мемлекет басшысы. 

Президент сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев: «Ресейге салынған санкциялар елімізге әсер етпейді. Дегенмен, ондағы кейбір тауар бағаларының төмендеуі отандық бизнеске кедергі келтірмеуін қадағалаймыз», - деп айтты.  

ТОЛЫҒЫРАҚ.