Хабар телеарнасы

Соғыс ардагеріне 2 бөлмелі пәтер берілді

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында оған аудан орталығынан 2 бөлмелі пәтер берілді. 

Қарт майдангер бұған дейін балаларының қолында ескі жер үйде тұрып келіпті. Соғыс жылдары Беларусь түбінде шайқасқан Федор Играев қан майданда жүріп, аяғынан қатты жараланған. Қазір екінші топтағы мүгедек. Естуі нашарлап, есте сақтау қабілеті де кеми бастаған. 

Жасы 90-ға таяған ардагердің бүгінде 5 баласы мен олардан тараған немере-шөберелері бар. 

Пәтерлі болғанын естіген қарт сарбаз еріксіз көзіне жас алды. Айта кетейік, қазіргі таңда Зеренді ауданында көзі тірі 10 соғыс ардагері ғана қалды. 

Раиса Давденко, ҰОС ардагерінің қызы

-Маған жер үйде өте қиын болатын. Суды тасып ішетінбіз. Одан қалды, қаншама кір жуу керек. Әкем жүріп, тұра алмайды. Өзімнің де жасым 70-ке жақындап қалды. Енді міне, осы жаңа пәтерде өткен қиыншылықтардың барлығы ұмыт болмақ.