Хабар телеарнасы

Астанаға Жеңіс шеруіне қатысатын соңғы әскери эшелон жеткізілді

Астанаға Жеңіс шеруіне қатысатын соңғы әскери эшелон жеткізілді

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Эшелонда танктер (БМПТ), КАМАЗ автокөліктері, басқа да доңғалақты және шынжыр табанды техникалармен қатар жауынгерлік машиналар бар. Ал эшелонның келуін келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілер және әскери оқу орындарының курсанттары қамтамасыз еткен. Олар әскери шеруге қатысушыларға арналған далалық лагерлерге орналастырылып, күнделікті жаттығуларына кіріседі. 

Астанаға әскери техникалар мен жеке құрамды орналастыру үшін әскери хабарлама органдары (ӘХО) парад өтететін орынға әскери эшелондарды тасымалдау жоспарын әзірледі. Алғашқы эшелон наурыз айының ортасында келген болатын. Сороковая бекетінде 68665 әскери бөлімінің кіреберісінде техникаларды тиеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жолдың ұзақтығы – 2,2 шақырым. 

Алғашқы эшелон келген уақыттан бастап бүгінге дейінгі аралықта Астанаға әскери парадқа қатысуға құрамы 500-ден аса вагонды құрайтын және 900-ге жуық әскери қызметшілер бар эшелон келді. Айта кетейік, әскери техника Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен әкелінді. 

Бүгін кешке Астана қаласына Аэроұтқыр әскерлеріне қарайтын бөлімдердің әскери қызметшілері келеді. Келушілерді қарсы алу рәсімі ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.