Хабар телеарнасы

Ардагер Хайрулла Бахтыбаев мерейтой қарсаңында медаль тақты

«Денсаулықтарына байланысты марапаттау рәсіміне келе алмаған байырғы жауынгерлерге  сый-сияпат үйлеріне барып жеке табысталады. Бірде бір қарт атаулы медальдан тыс қалмайды» -дейді шараны ұйымдастырушылар.   

Жалпы өңірде 606, ал Өскеменнің өзінде 198 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Марапатқа бөленіп жатқан ардагерлер мұндай құрметті бейбітшіліктің арқасы деп біледі.

Хайрулла  Бахтыбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері

- Бұл Жеңіске қалай жеткенімізді өздеріңіз жақсы білесіздер. Соғыс деген жақсы емес. Еліміз қандай көркейіп кетті. Еңбек етіңіздер, аман болыңыздар. Еңбексіз өмір жоқ.