Хабар телеарнасы

Алматыда ҰОС ардагері Сейітхан Исаевпен кездесу өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сабақ берген Сейітхан ата биыл 100-ге келеді. Ғасыр жасаған ұстаз әскер қатарына 1941 жылы алынып, Батыс фронтта жауға қарсы соғысқан. Зайыбы Нұрғайын әжей де қан майданға қатысқан. У-2 ұшағында штурман болыпты. Соғыстан кейінгі өмірін майдангер шәкірт тәрбиелеуге арнаған.

Сейітхан Исаев, Ұлы Отан соғысының ардагері: 

- Жастарымыз білімді, өнерлі, саясаткер, еліміздің дәстүрін, жерін, халқын, тарихын таныстыратын белсенді күрескер болса екен деп армандаймын.