Хабар телеарнасы

Маңғыстаулық ардагер Фахрузиян Серебриковаға Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай баспана берілді

«Бұл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына керемет сый болды»,- дейді ардагер.

93 жастағы Фахрузиян әже Түркменстаннан ата жұртқа 2012 жылы оралыпты. Жаңа пәтер соғыс ардагерімен бірге Мұнайлы ауданының тағы 12 тұрғынына берілді. Олардың арасында баспанаға мұқтаж мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар бар. Айта кету керек, Мұнайлы ауданында «Қолжетімді баспана» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Биыл 24 пәтерлі 10 үйдің құрылысы басталатын болды. 

Түзелхан Жетпісбаева, Мұнайлы ауданының тұрғыны 

-Елбасына рахмет. Осылай бізді ойлап, біздің тірлігімізді, біздің еңбегімізді елеп, үй беріп, баспана беріп жатыр. 

Нұрлан Тәжібаев, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары 

-Биыл 24 пәтерлі екі үйдің құрылысын аяқтадық. Азамдарды 1 үйге толық орналастырдық. 2015 жылы екінші 24 пәтерлі үйді комиссияның отырысымен беретін боламыз.