«Жеңіске құрмет» шарасы жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, «Хабар» агенттігінің ұжымы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсету үшін 1 күндік жалақыларын аударған болатын.
Жеңіс күні
Отан үшін жаумен шайқасып, оқ пен оттың арасынан аман келген ардагерлер қандай құрметке болса да лайық. «Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» шарасы аясында арнамыздың түсіру тобы Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник, танк жүргізушісі, Курск шайқасының майдангері, бүгінде 94 жасқа келген Сейтқасым Боранқұловпен сұхбаттасып қайтқан еді.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» атты шарасының аясында Оралдағы тілшілеріміз Ұлы Отан соғысының ардагері Ғарифолла Ғадылшинді құттықтап қайтты.
Ақсақал Сталинград майданына қатысқан, соғыстың соңғы жылында ауыр жараланып, елге оралған.
Бүгін ресейлік шекарашылар Жеңістің 70 жылдығына арналған эстафетаны қазақстандық әріптестеріне салтанатты түрде табыстады. ТМД елдері арқылы өтіп келетін эстафета жыл басында Брест қаласынан шыққан.
Ақтауда үш рет ажал аузынан аман қалған қарт майдангер тұрады. 90 жастан асқан Петр Морозов сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсетті.
Павлодарлық полицейлер қан майданда ерлік көрсеткен соғыс ардагерлерін алдағы Жеңіс мерекесімен құттықтауда. Өңірде талай жыл құқық қорғау саласында қызмет еткен майдангерлер баршылық.
«Хабар» агенттігі» ұжымының «Жеңіске құрмет!» қайырымдылық шарасы жалғасуда. Біздің тілшілеріміз бүгінгі сюжетіміздің кейіпкері алматылық Тимофей Антоновтың шаңырағында болып, ардагерді мерекемен құттықтап, сыйлығымызды табыстап қайтты.
«Жеңіске құрмет» шарасы аясында Ақтауда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Медресин Өмірзақовқа құрмет көрсетілді. Біздің осы өңірдегі тілшілеріміз Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қарт майдангермен жүздесіп, «Хабар» Агенттігінің арнайы сыйлығын табыс етті.
«Хабар» агенттігінің Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жеңіске құрмет» шарасы барлық өңірлерде жалғасып жатыр. Бүгін Жамбыл облысындағы тілшілеріміз 92 жастағы Зинаида Вострикованы құттықтады.
Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ШҚО ардагерлеріне 500 мың теңгеден бірмезеттік төлем жасалады. «Бұл туралы алдағы мерейтойды кең ауқымда атап өту жоспары талқыланған кеңесте ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді», – деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» қайырымдылық шарасы аясында бізге бейбіт күнді сыйлаған Ұлы Отан соғысының ардагерлермен таныстыруды біз одан әрі жалғастырамыз.
Ақмола облысының тумасы Иван Грищенко үшін сұрапыл соғыс Кеңес әскерлері неміс басқыншыларын тойтарған тұстан басталды. Қиыр Шығыстағы жапон соғысына араласқан 17 жастағы бозбала жауды артиллерияның снарядымен ойсыратады.
«Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» шарасы жалғасуда. «Хабар» тілшілері осы облыстың Шарбақты ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ефим Петренконың үйінде болып, қарияға теледидар сыйлады.
Петропавл қаласындағы «Саланг» әскери-патриоттық клубы кезекті 26-шы естелік вахтасына жол тартпақ. Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған талай жауынгердің жерленген жерін тауып, құнды деректердің бетін ашқан іздеушілер осы жолғы сапарларын Жеңістің 70 жылдығына арнап отыр.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қалалық білім бөлімі «70 игі іс» атты шараны қолға алды. Қаладағы білім беру мекемелері соғыс ардагерлерін құттықтап, олардың өнегелі ерлік істерін өскелең ұрпаққа үлгі етті.
Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр елді мекенінде тұратын соғыс ардагері Ольга Бабчук, «Хабар» агенттігі ұйымдастырған шара аясында сый-құрметке ие болды. Жасы 90-ға таяған әжей майданда медбике боп қызмет атқарыпты.
Биыл Атырау облысындағы майдан және тыл ардагерлерінен құралған «Фронтовичка» хорының құрылғанына 20 жыл толады. Бүгінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындалып жатқан ұжым оқу орындарын аралап, концерт беруде.
«Жеңіске құрмет!» Ардагерлеріміздің жүрегіне сәл де болса қуаныш нұрын сыйлау үшін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Хабар» агенттігі ұйымдастырып отырған қайырымдылық шара осылай аталады.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен 270 ардагер Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатысу үшін Астанаға келеді. Ал Мәскеудегі әскери шеруге олардың алтауы шақырту алды.
Жеңістің 70 жылдығына арналған «Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет» атты қайырымдылық акциясы Астанада басталды. Бір ай бойы өтетін республикалық шара барысында біздің ұжым Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне сый-сыяпат жасап, ерекше құрмет көрсетпек. Акция бір ай бойы жалғасады.