Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Үкімет аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Мемлекет Басшысы бойынша барлық жаңалықтар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан қызметін бастаған Конституциялық Соттың жаңа әкімшілік ғимаратына барып, тағайындалған судьялармен кездесті.
Мемлекеттер басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы лауазымына кірісетін Эльвира Азимованы қабылдады.
Президенттің қатысуымен Парламент Сенатының отырысы өтті. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев отырыстың күн тәртібін жариялап, дауысқа салды.
Президентке биыл 11 айда қаржы нарығын дамыту және қаржы ұйымдарын реттеу жөнінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барып, қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалының ашылу рәсіміне қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапарының барысында осы елдің Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Төле би кесенесіне зиярат етті.
Екі күндік сапар аясында Президенттердің шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізуі және бірқатар келісімге қол қоюы жоспарланған.
Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II және III шақырылымдарының депутаты Амангелді Айталының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
Президентке Ұлттық банктің биылғы қаңтар-қараша айларындағы ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді.
Президент Halyk қаржы тобының өкілдері Александр Павловпен және Үміт Шаяхметовамен кездесті.
Президентке Агенттік қызметінің негізгі бағыттары мен бәсекелестікті дамыту механизмдерін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.
Кездесу барысында Қазақстанда жолаушылар вагондарын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында ұзақмерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.
Әңгімелесу барысында Президент Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.