«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» қайырымдылық шарасы аясында бізге бейбіт күнді сыйлаған Ұлы Отан соғысының ардагерлермен таныстыруды біз одан әрі жалғастырамыз.
Жеңіске құрмет өңірде!
«Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет» шарасы жалғасуда. «Хабар» тілшілері осы облыстың Шарбақты ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ефим Петренконың үйінде болып, қарияға теледидар сыйлады.
Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр елді мекенінде тұратын соғыс ардагері Ольга Бабчук, «Хабар» агенттігі ұйымдастырған шара аясында сый-құрметке ие болды. Жасы 90-ға таяған әжей майданда медбике боп қызмет атқарыпты.
Биыл Атырау облысындағы майдан және тыл ардагерлерінен құралған «Фронтовичка» хорының құрылғанына 20 жыл толады. Бүгінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындалып жатқан ұжым оқу орындарын аралап, концерт беруде.
«Жеңіске құрмет!» Ардагерлеріміздің жүрегіне сәл де болса қуаныш нұрын сыйлау үшін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Хабар» агенттігі ұйымдастырып отырған қайырымдылық шара осылай аталады.