Хабар телеарнасы

Стратегия және миссия

«Хабар» Агенттігі» АҚ 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы

Агенттіктің пайымы

Дәстүрлі телевизиялық хабар тарату және медиа-контентті таратудың кросс-платформалық арналары арқылы мемлекет пен қоғамның тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін трансмедиалық контент-провайдер.

Агенттіктің миссиясы

Ақпараттық кеңістіктегі отандық аудиторияға бағдар бола отырып, ең жақсы ақпараттық, танымдық және ойын-сауықтық контентке әртараптандырылған қолжетімділікті беретін жетекші медиа-компания болу.

Агенттіктің құндылығы

Таралу ортасына қарамастан Агенттіктің медиа-контентін жасайтын және тұтынатын адамдар.

Агенттіктің мақсаты

1)   Телевизиялық аудитория арасындағы үлесті арттыру;

2)   Желілік емес аудиторияны жинау;

3)   Барлық таралу орталарында коммерциялық тиімділікті арттыру.

Агенттіктің міндеті

Төмендегілер арқылы сыртқы және ішкі мемлекеттік ақпараттық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне сай болу:

1)   Желілік хабар тарату парадигмасының өспелі дағдарысына бейімделу;

2)   Хабар таратушы рөлінен контент-провайдерге айналу;

3)   Өзінің контент-өндірісін және оны біріздендіруді дамыту;

4)   Өндірісті технологиялық дамыту және тұтынудың жаңа нысандарына бейімдеу;

5)   Адами әлеуетті дамыту және мультиқұзыреттілікті ендіру;

6)   Желілік емес аудиторияның ядросын қалыптастыру.