Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі - Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Қоғамның Жарғысымен Жалғыз акционердің немесе Басқарманың айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерден бөлек, Қоғамның қызметіне басшылық етуді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде Қоғам Басқармасының қызметін бақылауды жүзеге асыратын Қоғамның басқару органы.

Директорлар кеңесінің қызметі парасаттылық, тиімділік, адамгершілік, адалдық, жауапкершілік және нақтылық қағидаттарына негізделеді.

Директорлар кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қоғамның Жарғысын, «Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені, Қоғамның корпоративтік басқару кодексін және басқа да ішкі құжаттарды басшылыққа алады.

Дәурен Әскербекұлы Абаев, Директорлар кеңесінің Төрағасы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Бақытбек Кәкімұлы Тәшенов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы

Бахнияз Саулетқызы Қарашина, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры

Алан Ғазизұлы Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы

Айман Қожабекқызы Мұсақожаева, Тәуелсіз директор

Зинаида Петровна Загоскина, Тәуелсіз директор

Майкл Питерс, Тәуелсіз директор