Хабар телеарнасы

Актерлар

Шер Әлі, Арсеннің рольінде

Арсен – атақты бизнесменнің ерке ұлы. Ақылды, білімді, әзілқой әрі сымбатты жігіт. Лондондағы бизнес университетті аяқтағанына 1 жылдан асты. Бірақ жұмыс істеуге асығар емес. Әкесінің арқасында алаңсыз өмір сүруге бойы үйренген.

Шер Әлі өз кейіпкері жайында:

«Сериалдағы Арсенмен мүлде ұқсастығым жоқ. Бірақ ол маған ұнайды. Өте қызықты образ. Бұл рольді сомдар алдында оны әбден зерттедім десем де болады. Мінезін, табиғатын барынша шынайы жеткізуге тырыстым. Бағасын өздеріңіз берерсіздер».

 

 

Бибігүл Ақтан, Динараның рольінде

Динара – халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары. Көрікті, ақылды және өз ісінің кәсіби маманы. Ойға алған мақсаттарының барлығы да орындалған бақытты жан. Махаббатта жолы болып, сүйген адамына тұрмысқа шығуға дайындық үстінде.

Бибігүл Ақтан, өз кейіпкері жайында:

«Кейіпкерім өзіме қатты ұнайды. Өзінің жастығына қарамастан, еңбекқорлығы мен жауапкершілігі арқасында директордың орынбасарлығы лауазымына дейін жоғарылады. Одан үйренетін қасиеттер көп. Ешқашан кешігуді білмейді. Жұмысқа бірінші боп келеді. Алайда қанша қатал боп көрінгенімен, ол да жаны нәзік әйел заты. Басқа қыздар секілді ер-азаматтардан қамқорлық, жылы сөздер мен әдемі гүлдерді күтеді».

Жәния Джуринская, Алинаның рольінде

Алина – халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы. Динараның құрбысы.  Сұлу, білімді, аздап тәкаппар. Алғашында қалтасы қалың сері жігітті жолықтыруды армандайтын. Бірақ өзінің әріптесіне қалай ғашық болып қалғанын білмей де қалады.

 

 

 

 

 

 

Ақыш Омар, Мұрат Советұлының рольінде

Мұрат Советұлы – халыққа қызмет көрсету орталығының директоры. Қызу мінезді, бірақ жағдайды тез арада бағдарлай алады. Қай кезде жұмсақ, қай уақытта қаталдық танытуды біледі. Ұжымының алдында абыройлы, әділетті басшы.