Анонс

17 мамыр, 01:00

17 мамыр, 01:00

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалында «Astana Arlans» командасы «British Lionhearts» боксшыларымен жұдырық түйістіреді.

Шаршы алаңдағы тартысты жекпе-жекті «Хабар» арнасынан тамашалаңыздар!

Ұлыбританиядан тікелей көрсетілім 17 мамыр күні сағат 01:00-де.

Астана «арландарына» жанкүйер болыңыздар!

Естеріңізге сала кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) қазіргі чемпиондары – қазақстандық «Astana Arlans» клубының спортшылары топтық кезеңде 15 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Олар «Patriot Boxing Team» (Ресей), «China Dragons» (Қытай) және «Indian Tigers» (Үндістан) командаларымен кездесу өткізіп, жеңіске жеткен болатын.