Хабар телеарнасы

«Шашу». «Аманат» 3-бөлім

«АМАНАТ»

Иті табылмаған Аида келін төсек тартып ауырып қалады. «Шетелде ұлым дәрігердің оқуын оқыды» деп жүрген Науат апа Арманның әкесі армандағандай адам емдейтін дәрігер емес, әйелдерге косметикалық операция, яғни ерін, қас жасайтын дәрігер екенін білгенде ашуланады. 

Науат апа шалының аманаттап кеткен қызыл көлігін ресми түрде Арманға тапсырады. Күйеу балалары: «Апа, гаражды ашыңыз, біраз жыл өтті, көліктің жайын бір бақылап қояйық», – деп қанша рет айтса да, апа аманатқа берік боп, оларды көліктің маңына тіпті жолатпаған еді. Межелі күн келді, гараж есігі айқара ашылды.

Көлікті жөндеп, жалтыратып жуып, Арманды отырғызып, ауладан шығарып салады. Арман мен Алан қызыл көлікпен ауылды аралайды.

Бүгін болған оқиғаларды Алан өзінің бөлмесінде Джесикаға жазған хатында баяндап, қорытындылайды. Шатасып «қайырлы түн» тілеп, артынша «Джесика, қайырлы таң!» деп өзгертіп, ұйқыға кетеді.