Хабар телеарнасы

«Шашу». «Манат ханым» 6-бөлім

«МАНАТ ХАНЫМ»

Астанадан Науат апаның сіңлісі Манат ханым қонаққа келеді. Негізі Науат апаның әке-шешесінде де кілең қыз болған: Шәрбет, Күлшәт, Жанат, Бекзат, Науат, Манат. Әр шаңырақта бір «сойқан», олардың арасында кіші қыз Манат ерекше өскен. Сәнді киінетін, заманауи жастардың әндерін тыңдайтын болмысы бөлек ханым. Ол кісіні қыздар да, күйеу балалар да жақсы көреді. Бәрімен қалжыңдасып, тіл табысқыш, өте жайдары «еуропаша форматтағы» апа.

Бәрінің мазасын қашырып, бір шыбықпен айдайтын Манат ханымның келуін бәрі үрейлене күтіп жүр. Манат апай күйеу балаларды қалай сынап, қандай жұмыс тапсырады екен? Аида ол кісінің көңілінен шыға ма? Қызығы мен шыжығы бітпейтін «Шашу» отбасылық телехикаясының 6 бөлімін көріңіздер.