Хабар телеарнасы

«Шашу». «Тай мінгізу» 22-бөлім

Мұқаш қалаға Гүлғайшаны апара жатып, жолда Науат апаның үйіне соғып кетпек болады. Әжеймен әңгімелесіп отырып, көлікте күтіп отырған көршісін ұмытып кетеді.

Әңгіме арасында Науат апай марқұм жолдасын есіне түсіріп, «Аланды сүндетке отырғызғанда оған тай мінгізер еді», – дейді. Мұны естіген Мұқаш бажалардың атынан бір тайды Аланға атайды. Сөйтіп тұрғанда ашулы Гүлғайша келеді.