Барлық сериялар

«Шашу». «Мерейтой» 32-бөлім

«Шашу». «Мерейтой» 32-бөлім

«МЕРЕЙТОЙ»

Барлығы Науат апаның 70 жылдық мерейтойын тойлауға қызу дайындықты басталып кетеді. Арман, Аида, Алан үшеуі Науат апаға келіп, «ауылда қаламыз» деген шешім қабылдағандарын айтады. Науат апа мәз.

Мерейтойға ағайын-туыс, көрші-көлем түгел жиналады. Аида асыл тастармен көмкеріп тіккен әдемі қамзолын киіп Науат апа төрде марқайып отыр. Көңілі жайланған. Арқа-жарқа әңгіме айтылып, той керемет өтіп жатыр. Мұқаш – асаба.