Хабар телеарнасы

Егер де мен...

Егер де мен...

РҮСТЕМ ЖҮГІНІСОВ: Тоқтамаймын! Ары қарай еңбек етемін. Тағы осындай үлкен-үлкен байқауларды жеңіп шығуға тырысып, Қазақстанымыздың көк Туын көкке желбіретемін! 

«ОРДА» ТОБЫ: Қазақстанда әлемдік музыканың дамығанын дәлелдеп береміз!

МАРХАБА СӘБИЕВА: Байқауға қатысып жатқан мақсатым – жеңiс емес. Басты мақсат – әнiмдi халыққа таныстыру. Әнiмнiң форматы байқауға келiңкiремейдi. Алайда тыңдауға арналған қарапайым ән! 

БАУЫРЖАН РЕТБАЕВ: Басты мақсатым – жеңу емес, осындай үлкен байқауда бағымды сынап, өнер көрсету. Дегенмен кім жеңіске жеткісі келмейді, егер жеңіп жатсам, елімнің атынан Turkvizyon-2015 байқауына қатысып, түркітілдес халықтарды өнеріммен таң қалдырамын деп ойлаймын.

АРДАҚ ӘЛЕКЕШЕВ: Байқауға қатысып жатқан себебім – өзімді Қазақ еліне таныстырып, Ардақ Әлекешев деген талантты ұлдары барын халқыма көрсету. Менен де үлкен, тәжірбиесі мол әншілер қатысу үстінде. Солардың біреуі байқауда жеңімпаз болатын шығар деген ойдамын.

«САРЫН» ТОБЫ: Егер біз ұлттық іріктеуден сүрінбей өтсек, ел намысын Ыстамбұлда абыроймен қорғауға тырысамыз!

БЕЙБІТ КӨШҚАЛИЕВ: Болашаққа кірмей-ақ қояйын. Болашақ Алланікі. Ал менің мақсатым – сол күні жақсы өнер көрсету. Барлық қатысушыларға сәттілік!