Хабар телеарнасы

«Бөрі» телехикаясы

Бөрі телехикаясы

Жас әрі абыройлы полиция офицері Тимур Халибеков қылмыстық істердің бетін ашып, қызмет бабында жоғарылайды. Ірі істің сәтті жабылуын әріптестерімен атап өту кезінде, Тимурдың әйелі көліктің рөліне отырады. Ол тізгіндеген көлік жол апатына ұшырайды.

Тимур әйелінің өлімінен кейін оның әдейі жасалғанын біліп, өз бетімен бұл істі тергеуге кіріседі. Ақиқатқа көз жеткізіп, кінәлілерді жазаламақшы болады. Бірақ оның бұл ісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал майоры Әділет Даниярұлы қарсы болады. Салдарынан жұмысынан айырылып қалады.

Уақыт өте келе бұрынғы бастығы Тимурдан жұмысқа қайта шығуын сұрайды. Ойлана келе, ол қызметіне оралады. Ондағы түпкі мақсаты әйелінің өліміне қатысты бастаған ісін соңына дейін жеткізу еді. Тергеу барысында бастығының қылмыстық топпен байланысы бар екеніне көзі жетеді.

Тимурдың одан кейінгі әрекеті қандай болмақ? Кінәсі барлар жазаға тартыла ма?