Фильм туралы

«Жалғыз жауқазын» телехикаясы: 11 ақпаннан бастап

«Хабар» арнасы өз көрермендерін тағы бір жаңа телехикаямен қуантпақ.

«Жалғыз жауқазын» деп аталатын сериал дәулетті отбасының жалғыз мұрагері Айсұлу есімді бойжеткеннің өмірін баяндайды.

Сюжет желісі бойынша Айсұлу өзінің тойы қарсаңында ата-анасының қазасына сүйген жігіті кінәлі екенін естіп, АХАЖ бөлімінен қашып кетеді.

Айдалада жылап келе жатқан ол талдардың арасынан тастанды нәрестені тауып алады. Өмірінің жалғасы осы бала деп білген жетім қыз ендігі қалай күн көрмек? Бұл тағдырын онымен кім бөліcеді?

Жуырда «Хабар» арнасының эфирінен шығатын «Жалғыз жауқазын» телехикаясынан қапы қалмаңыздар!