Хабар телеарнасы

«Өз үйім 2» телехикаясы: фоторепортаж

«Өз үйім 2» телехикаясы: фоторепортаж

Бірлігі мен көңілі жарасқан Жұлдызбаевтар отбасы жуырда ғана көшіп келген көршілері Танымаловтар әулетімен бақталасады.

Таныстығы бәсекелестікке ұласқан көршілер бір-бірінен барлық жағынан озғысы келеді.

Жұман ата мен Арғын ата шаңырақта кімнің берген тәрбиесі жақсы екенін өзара шеше алмайды. Аналар да үй шаруасында кімнің пысық екенін көрсеткісі келеді. Ал балалардың хикаясы мүлдем бөлек.

Жұлдызбаевтар VS Танымаловтар. Жуырда «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартатын «Өз үйім 2» комедиялық телехикаясынан қапы қалмаңыздар!