Хабар телеарнасы

«Ұлтпен тұтас тағдыр» деректі фильмі

Өркениет тарихтан тамыр тартады. Жаһандық тарих сахнасындағы қазаққа тиетін үлес қандай? Ол аз ба, көп пе? Біз кімбіз? Қайдан шықтық?

VIII ғасырдың тас кітабына өсиет қалдырған бабаларымыздың ата тегі қай дәуірден бастау алады? Ұлы даладағы көшпелі өмір салты, әрі қарай шыңдауға болмайтын биікке көтерілген шағы туралы біз не білеміз?

Африка, Америка, Еуропа мен Азияның алғашқы тұрғындары кімдер болған?

Бұл сауалдардың жауабын «Ұлтпен тұтас тағдыр» деректі фильмінен біле аласыздар!