Хабар телеарнасы

«Сені іздедім» 1-шығарылым

«Сені іздедім» реалити шоуының кейіпкері – Айдос Шыңғысбеков. 28 жастағы Айдос Қазығұрт ауданының тумасы, бірақ қазіргі таңда Шымкент қаласында тұрады. Отбасының жалғызы екен. Орда бұзар жасқа жетсе де уақытының көп бөлігін жұмысқа арнаған. Сондықтан да үйленуге асықпайды.

Бойдақ жігіттің бұл шешімін достары қалай қабылдайды? Үміткер болып келетін арулардың ішінен болашақ жарын кезіктіре ме? Айдостың ата-анасының көңілінен кім шығады?

Осы секілді сауалдардың жауабын «Сені іздедім» реалити шоуының 1-шығарылымынан біле аласыздар!