Хабар телеарнасы

Жеті күн 30.12.2017

1. Елбасы Мәскеуде ТМД елдерінің бейресми саммитіне қатысты 2. Стратегиялық серіктес 3. Сындарлы саясат
   
4. Рухани жаңғыру    

1. Елбасы Мәскеуде ТМД елдерінің бейресми саммитіне қатысты

Апта басында Мәскеуде бейресми саммит өтті. ТМД елдерінің басшылары кездесті. Ұйымға биыл Ресей төрағалық еткен. Көшбасшылар атқарылған істі ақыл таразысына салып, «төрағалық табысты аяқталды» деп ой қорытты. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путиннің Еуразиялық интеграцияны дамыту мен ТМД ұйымының беделін арттыру жолында жасаған амалының маңыздылығын атап өтті. Елбасы ерекше мән берген және бір жайт осы жылдың қарашасында Минскте өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммиті. Атаулы отырыста өңірлік және халықаралық деңгейдегі ең өзекті мәселелер талқыға түскенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы недавно провели в Минске заседание ОДКБ, с каждым разом, с каждой встречей у нас больше взаимопонимания, больше работы общей. Из всех присутствующих 9 членов СНГ пять состоят в ЕАЭС, у нас есть значительные сдвиги в этом году, ожидаем еще лучших показателей в следующем году. Мы встречаемся, решаем вопросы, которые у нас есть, и мы знаем, что нет таких проблем, которые бы мы в переговорном порядке не решали. Точно также помогая друг другу, уважая друг друга, независимость и суверенитет друг друга,  двигаться дальше и не терять тех отношений, которые у нас есть.

Ресей тізгінді Тәжікстанға ұстатты. ТМД-ның 2018 жылғы төрағалығын Душанбе атқарады. Алда сан сала бойынша тараптар арасындағы тұрақты байланысты одан ары нығайту міндеті тұр. Жалпы, келер жылы Еуразиялық кеңістікте елеулі оқиға көп. Мәселен, солтүстік көршіміз Президенттік сайлау өткізеді. Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге табыс тілеп, Ресейдің көп ұлтты халқы дұрыс шешім қабылдайтынына сенім білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Конъюктура экономики в мире меняется и торговля между нашими странами превысила четверть. Двусторонняя торговля - еще больше. Но тенденции тяжелые остаются в мире и у нас, не надо расслабляться. Следующий год очень важный. В России выборы. Владимир Владимирович, я думаю, мы все едины во мнениях, чтобы пожелать вам успеха, мы все уверены в этом, и мы знаем, что российский народ ценит ваше руководство именно в это время. Тяжелейший период проходит Россия, она всегда проходила такие периоды,  и в этот период вы оказались у руля и этот руль держите ровно, крепко и вселяете доверие. Мы желаем вам успеха, в котором абсолютно убеждены. 

Елбасы бейресми саммиттен кейін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Әңгіме барысында ТМД елдері басшыларының отырысы жайлы ой қозғалып, келіссөздердің нәтижелі болғаны айтылды. Сондай-ақ, еуразиялық интеграция тақырыбы таразыланып, стратегиялық қарым-қатынасқа серпін беру туралы сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда цифрлық технологияларды дамыту мәселесі бойынша сауатты сарапшылардың кездесуін өткізу туралы ұсыныс айтқан. Владимир Путин бұл бастамаға алғысын білдірді. Көшбасшылар бұдан бөлек энергетика және ғарыш салаларын игеру турасында да ой тарқасты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Спасибо, Владимир Владимирович, за приглашение, за эту встречу. Вчерашняя очень доверительная была встреча с нашими коллегами по СНГ и свободный обмен мнениями, разговор, подведение итогов уходящего года, который был очень насыщенным для всех. Самое главное, мы отметили, что на территории СНГ царили мир, спокойствие и стабильность, что была возможность нашим гражданам спокойно работать и воспитывать детей. Для России год был непростым. Санкционная политика и война в Сирии по просьбе правительства Сирии, победоносная война под вашим руководством восстановила гордость России и показала её державой, которая может отвечать за глобальный мир на земле. Как ближайшему соседу, партнёру и союзнику Казахстану всё это очень приятно. Мы за этот год встречались неоднократно. Вопросы, которые были между нашими странами, – нет никаких вопросов. За 26 лет независимого развития как России, так и Казахстана мы только сближались, создавали договорную базу, которая создала условия для нормальной работы. Сегодня кооперация в рамках Евразийского экономического союза показывает свою необходимость и возможность. Когда меня спрашивают, зачем этот союз, зачем Таможенный союз, я говорю, что если бы когда-то были таможенные границы между Европой и Америкой, Колумб бы не смог поехать туда, или Марко Поло не смог бы проехать через Казахстан в Китай. А сейчас, через столько лет, мы открыли границы и чувствуем, что это полезно. Товарооборот растёт, кооперация растёт. По всем сложным вопросам мы договаривались по границе, по Каспию, по Байконуру. И наша межрегиональная встреча в Челябинске – всё это на радость, как говорится, нашим двум народам, которые жили всегда по соседству. Я считаю своей задачей, укрепить наши взаимоотношения, продолжить и передать потомкам. Хочу поздравить всех россиян с наступающим Новым годом. Чтобы он был лучше. И этот год приносил каждой семье, каждому человеку радость, удовлетворение своей жизнью, своей работой и процветания народу России.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

-Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, кешегі ТМД елдері басшыларымен бейресми кездесу барысында және бүгін екіжақты қарым-қатынасты талқылауды жалғастырып отырғанымызға қуаныштымын. Сөз басында атап өткім келгені, Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы өте табысты  дамып келе жатыр. Мәселен, биылғы  жылдың 10 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 34 пайызға артқан. Бұл өзара байланысқа зор серпіліс бергені анық. Бүгінде Ресей Қазақстан экономикасына миллиардтаған инвестиция құйды. Бұл да жоғары сенімнің белгісі. Бастысы, біз қазір  өзара байланыстың жаңа парағын ашқалы отырмыз. Сізбен бірге энергетика, ғарыш және жаңа технологиялар саласында әріптесітікті нығайту турасында сөйлестік. Қазіргі кезеңде маңызды салалардың біріне айналған цифрлық технологияларды дамыту, оның болашағы бойынша бірлескен жұмысты нығайту тақырыбын да қаузадық. Осы мәселе төңірегінде Қазақстанда мамандардың жоғары деңгейдегі кездесуін ұйымдастыру бастамасын көтергеніңізге де алғысымды білдіремін. Қазақстан Ресей Федерациясының экономика саласындағы басты әріптестерінің бірі, сондай-ақ стратегиялық серіктесі екенін атап өткім келеді. Осы орайда, өзіңізге және бүкіл  Қазақстан халқына 2018 жылы жаңа табыс пен барлық жақсылықты тілегім келеді. 

Мәскеудегі кездесулерде интеграция тақырыбы көбірек талқыланды. Себебі белгілі: адамзат ықпалдасуға иық бұрамаса, ықтимал жауды ықтыра алмас. Уақыт алға жылжыған сайын жаһан мүлдем жаңа сипатқа ие болып келеді. Технологиялық төңкерістерге қарасаң «қаламның ғасыры» сияқты. Бірақ қаруға сену – тренд. 

Қазір әлем экономикасының 2,2 проценті, яғни 1,7 триллион доллары – әскери шығын. Бұл көлем жыл сайын артпаса, кеміген емес. Қысқасы, адам адамға сенуден қалды. Бірақ ядролық күшке арқа сүйейді. 

Тілейміз! Себебі қасіретті сынақ санамызда. Күресеміз! Себебі қасиетті рух қанымызда. Оның күші ядроның қуатынан әлдеқайда әлді. Бодандықта тапталды. Бірақ бостандықта қайта оянды. Оянды да күллі әлемге бейбітшілік пен келісімнің кілтін ұсынды. Содан көрген жақсылық – әлем картасында қасымыз жоқ, досымыз бар. Қазақ билігі қашанда ашу шақырғанға ақылмен басу айтады. Мұның жарқын мысалы жақында ғана болған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қырғыз халқы тіл жағынан да, мәдениет жағынан да, әдеп-ғұрпы жағынан да бізге өте жақын. Баяғыдан келе жатқан қарым-қатынастарымыз бар. Зиялы қауымның, жазушылардың, ақындардың, жастардың – барлығының қарым-қатынасы бар. Сондықтан біз, Қазақстан қырғыз еліменен қоян-қолтық жақсы көрші болуға мүдделіміз. 

Енді Астана мен Бішкек арасы алыстамайды. Қырғыз елінің жаңа көш бастары да көршілік қатынасты одан ары жақындатуға мүдделі. Сооронбай Жээнбеков апта басында Астанаға келген. Бұл оның Президент ретіндегі Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. Әуелден сәтті боларына сенім мол еді. Ойлаған мақсат орындалды. Кездесуде екі тараптың елеусіз қалдырған мәселесі жоқ. Сонымен, Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбековтің Астанадағы кездесуі қазақ-қырғыз серіктестігін қай сатыға көтермек ?

2. Стратегиялық серіктес

Бұл жаңадан сайланған қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбековтың Астанаға алғашқы ресми сапары. Жаңа жыл қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен арнайы келді. Айтар әңгіме, шешер мәселе аз емес. Бастысы, бұл сапардың қырғыз-қазақ үшін маңызы зор. Мақсат – қатынастарға қарқын беру, барлық салада байланыстарды бекемдей түсу. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Ресми сапармен, менің шақыруыммен келіп отырған бастаған жолыңыз ақ болсын, құтты болсын! Екі елдің достығы мен болашағына жұмыс істейтін болсын. Біз сіздерді күттік. Қуанышпен қарсы алып отырмыз. Қырғыз делегациясын сіз бастап келген, барлық қойған мәселені шешуге Қазақстан әр уақытта дайын. Осы 26 жыл тәуелсіздік жағдайында өмір сүріп келе жатырмыз. Мен өз басым, Қазақстан бір де бір рет Қырғызстанға сөз тигізіп, басқа жағынан жаманшылық жасауға бір қадам жасағанымыз жоқ. Ол дұрыс. Себебі біз келеміз, кетеміз. Екі ел, көрші қалады. Бізден бұрын да болған. Әйтпесе ата-бабамыз қайда? Бізден кейін де болады. Сондықтан әр поколениенің мойнында тұрған жүгі сол жақсылықты, сол достықты, қарым-қатынасты тап-таза ретінде келесілерге тапсыру. Сондықтан қош келдіңіз! 

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

-Құрметті, Нұрсұлтан Әбішевич! Сөзімнің басында Қазақстанға официалды сапармен шақырғаныңызға терең ризалық білдіремін. Сіз біздің ақсақалымызсыз. Сіз дұрыс айттыңыз мына қазақ пенен қырғыздай бір туған ел жоқ болса керек. Мына мен президент боп сайландым. Сол біздің стратегиялық өрнектестік және союздық мәмілелерді шыңдағанға, бекемдегенге бұйырса мен барлық күш-әрекетімді жұмсаймын. Бұйырса, сол достығымызды бекемдейміз.

Биыл айырқалпақты ағайынмен дипломатиялық байланысқа 25, мәңгілік достық туралы келісімге 20 жыл толды. Сооронбай Жээнбековтың сапары қос мерейтоймен түспа-тұс келіп отыр. Ширек ғасырда бауырлас екі ел талайды басынан өткерді. Қиын-қыстау кезең, тар жол-тайғақ, бәрі артта. Ендігі меже туыстық, әріптестік қатынастарды тереңдету. Қырғыз халқының арқасүйері ағайын болған қалың қазақ талай қиындықта қолын қайтарған емес. Демек, екі халық арасына сызат түспеуі тиіс. Керісінше, барлық салада бауырлық байланыс пен сенімге негізделген диалог өрбуі  керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Осы 25 жылдың ішінде екі елдің тәуелсіздігі нығайды. Қарым-қатынасымыз нығайды. 150 құжатқа қол қойылды. Мұндай документальный база ешкімде жоқ шығар деп ойлаймын. Сондықтан жағдайымыздың барлығын екі елдің арасындағы барлық мәселелерді шешіп тастап, артқа қалдырып болашаққа қарай бет бұруға мүмкіншілігім бар. Біз, мен өзім оған әбден дайынмын.

Бұл қос көшбасшының екінші жүздесуі. Бір ай бұрын президенттер Минскіде салиқалы ой өрбіткен. Одан бері біраз дүние өзгерді. Екі жақ үкіметтік топ құрып, жол қартасын әзірлеген еді. Аз уақыттың ішінде нәтиже қомақты. Шекара ашылып, кәсіпкерлер еркін қатынай бастады. Сөйтіп, кеден қызметіне қатысты «жол картасы» туындаған түйткілдердің түйінін тарқатпақ. Екі жақ келісті, ойы бір арнада тоғысты. Демек, Астана мен Бішкек арасында шешілмейтін түйін жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген құрамда өз сөзін осылай деп түйіндеді. Оны қырғыз әріптесі де қоштады. 

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

-Дорожный картаға қол қойылғаннан бері біздің министерство-ведомстволардағы қатты жұмыс істей бастады. Қазір де тапсырмалар берілді. Оның негізінде көп мәселелер шешілсе керек. ЕврАзЭстағы болған мүмкіншіліктерді қолданады деген ниеттеміз. Көп нәрсе Қазақстан арқылы өтеді. Ол бойынша да тапсырма бердіңіз.

Маңызды жайт келісім бойынша қырғыз тарапы кеден, салық, ветеринарлық, фитосанитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды толығымен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сай іске асыруға міндетті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-С момента нашей последней встречи с президентом КР в Минске, прошло не так много времени. Вместе с тем за этот период проделана важная работа по выполнению - подписаны между нашими правительствами дорожной карты. Сейчас все нормализуется. Со стороны Казахстана эти меры приняты были только для того, чтобы соответствовать принятыми нами договорам в рамках ЕЭС. В результате ситуация на нашей границе нормализовалась. На пунктах пропуска отсутствуют скопления транспорта. 

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

-Вместе с тем мы должны стремиться чтобы между нами граница была лишь формальностью и чтобы наши народы могли ее пересекать как это было раньше. Ведь мы поистине братские народы. Нет народа ближе, роднее народа, чем кыргызы и казахи. В ходе сегодняшней встречи мы постарались сосредоточить свое внимание на тех направлениях, где совместные усилия способны дать наибольший эффект. 

Екі жақ саяси ықпалдастық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әріптестікке ерекше назар аударды. Цифрлық технологияларды дамытуда тәжірибе бөлісуге келісті. Келіссөздер барысында су ресурстарын пайдалану жайы да пысықталды. Қазақстан Қырғызстанның жетекші сауда-экономикалық, әрі инвестициялық серіктесі. Елімізде 700-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл 10 айда тауар айналым 13 пайызға өсіп, 600 млн долларды құрады. 2020 жылға қарай алыс-берісті 1 млрд-қа жеткізу жоспарланып отыр. 

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

-Казахстан явлется одним из основных торговых партнеров Кыргызстана. Мы договорились, что будем и дальше наращивать взаимную торговлю. Мы придаем важное значение реализации Дорожной карты по вопросам двустороннего экономического сотрудничества. Мы намерены активно укреплять дружбу, добрососедство и стратегическое партнерство между нашими странами. Я пригласил посетить Нурсултана Абишевича посетить Кыргызстан.

Көп жақты ынтымақты жаңа деңгейге көтеру үшін бірқатар құжатқа қол қойылды. Әуелі қос көшбасшының бірлескен мәлімдесі қабылданды. Бұдан бөлек тағы екі тарихи құжатқа қол қойылды: мемлекеттік шекараны белгілеу туралы шарт пен шекара режимі туралы келісім. Бұл құжаттар стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтермек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сегодня подписаны важнейшие двухсторонние соглашения, направленные на дальнейшее углубление сотрудничества РК и КР. Это договор демаркации госграницы, а также о режиме госграницы. Мы приняли совместные заявления. Я вам скажу по демаркации госграницы не решались долгие годы. Это именно принцип доверия. Не будет порядка на границе, не будет порядка между государствами. Я благодарен, что Сооронбай Шарипович взялся за этот вопрос и мы смогли сегодня его подписать. Подписание данных документов завершает межгосударственное, правовое оформление наших границ по всей его длине. Является ярким примером плодотворного, конструктивного сотрудничества и доверия. 

Қазақстан мен Қырғызстан дамудың даңғылына бет бұрды. Ал жеткен уағдаластықтардың тиімді орындалуын қос президент қадағалайтын болады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы также провели обмен мнений по актуальным вопросам в глобальной повестке дня. Обсудили вопросы в рамках международных организаций. Отметили важность обеспечения безопасности в нашем регионе. Подтвердили близость и схожесть позиций двух стран по всем ключевым вопросам региональной политики. Включая региональное сотрудничество соседних братских стран. Все вопросы, которые необходимо было обсудить, обсуждены. Не осталось никаких не сказанных и каких-то скрытых или каких-то вопросов, которые будут представлять в будущем препядствия для наших отношений. И в этой доверительной открытой обстановке мы договорились о том, что комиссия и группы, которые мы создаем, создадут протокол по сегодняшней нашей встрече и мы возьмем под контроль каждый пункт выполнения этих договоренностей. 

Осылайша, байланыстардың жаңа парағы ашылды. 25 жылда достық пен тату көршілікті негізге алған қазақ елі өз мұратынан таймақ емес. Екі елдің мүддесіне лайық қызмет етуге тырысып бақты. Астананың бұл ниеті осы сапар барысында да айқын көрінді. Қуантарлығы, қырғыз елінің де стратегиялық ұстанымы қазақ халқының бағыт-бағдарымен үндесіп жатыр.

Авторлары: Елдар Бақпаев, Мұхтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев, Хасен Омарқұлов, Алмаз Омарғалиев

Бейбітшілік туын берік ұстаған Қазақ елінің басқалардан қара үзетін бір қасиеті – ешқашан әскери үстемдікке ұмтылған емес, ұмтылмайды да. Тек қауіпсіздік үшін ғана қарым-қабілетін шыңдайды. Осы тұрғыдан бағалағанда: Қарулы Күштеріміз аумақтық тұтастығымыздың сақталуына және экономикамыздың өркендеуіне кепіл бола білді. Бұл Елбасының Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездескенде айтқаны. Ол жиында ортаға тасталған басты тақырыптардың бірі киберқауіпсіздік болды. Жоғарғы Бас қолбасшы киберәскердің басқару бекетін аралап көріп, ақпараттық соққыға қарсы тұратын заманауи «сойылдың» мүмкіндіктерімен танысты. Кездесу соңында Елбасы сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жаңа жылдың қарсаңында кездесіп отырмыз. Баршаларыңды келе жатқан жаңа жылмен құттықтайын деп келдім. Әскери жаттығу жылы, мына биылғы жылдың барлығы дұрыс өтті. Әрқайсың өзіңе тиісті шаруаларыңды істеп, жастарды тәрбиелеуге, әскердің күш-қуатын шыңдауға жұмыс істедіңдер. Сол үшін рақметімді айтып, барлықтарыңды келе жатқан жаңа жыл зор табыстар әкелсін деп тілеймін. 2017 год был годом 25-летия Вооруженых сил. За это время были созданы боеспособные, современные вооруженные силы нашей страны. Армия стала гарантом территориальной целостности, экономического процветания и увеличения авторитета нашего государства. И стала предметом гордости. В этом году мы утвердили Стратегию национальной безопасности, военную доктрину, концепцию развития вооруженных сил, в которых определены направления и задачи дальнейшего развития военной организации государства. В результате их реализации к 2030 году боевая мощь Вооруженных сил должна вырасти в 1,5 раза за счет повышения боевого потенциала наших войск. 

Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:

-Жоғарғы Бас Қолбасшы мырза, Сіздің басқаруыңызбен біз жедел әскери дайындық шараларын аяқтадық. Биыл жауынгерлерді дайындау бағдарламасын толығымен бітірдік. Сондай-ақ қайта қаруландыру мәселесін жіті қолға алдық. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 33 пайызға жетті. 

Жақында Елбасының сан тақырыптағы сауалдарға жауап бергенін білесіздер. Арнамыздан телевизиялық нұсқасы көрсетілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты бірнеше сағатқа созылған. Одан да ұзақ болуы мүмкін еді. Себебі биылғы жылы тілге тиек етер жаңалық көп болды. «Қазақстан тарихының жаңа бір кезеңі басталды» деп айтып жүргеніміз де – сондықтан. 

Келер жылға аяқ баспас бұрын өткенге көз жүгіртіп алған абзал. Тауық жылын Елбасының өзі қорытындылады. Тығыз жұмыс кестесіне қарамастан халықтың «көзі, құлағы һәм тіліне» айналған жетекші БАҚ өкілдерімен кездесті. Журналистерді мазалаған көкейтесті сауал аз болмады. Сұхбат екі сағатқа созылды. Алдымен биылғы жылдағы басты саяси оқиға әңгіменің өзегіне айналды. Ата заңға енгізілген өзгерістер қоғамда қызу талқыланды. Сосын барып қабылданды. Президенттің 35 өкілеттігі Парламент пен Үкіметке бөліп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Больше дать полномочий и ответственности Правительству за конкретные исполнительные дела, больше дать прав Парламенту, как законодательной власти по контролю над исполнительной властью. То, что мы сделали, я думаю правильно. 

Президенттің өкілеттіктері бөліп берілгеннен кейін Парламент пен Үкіметтің ролі арта түсті. Артылған жауапкершіліктің жүгі де ауырлады. Енді атқарушы билік заң шығарушы органмен қоян-қолтық жұмыс істейді. Келісіп пішкен тоң келте болмайды. Кез-келген маңызды істе алдымен Парламенттің рұқсатын алу керек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Например, сейчас надо было назначить вице-премьера и министра сельхоза правительство входило в парламент. Такого не было, чтобы комитет парламента дал на это согласие. Не просто взяли, и после этого согласия правительство предложило мне назначить на пост министра сельхоза вице-премьера. То есть, это яркий такой пример и в будущем их будет много. 

Ал биылғы жылдың ең айшықты оқиғасы қысқы Универсиада ойындары мен ЭКСПО көрмесі екеніне ешкім шүбә келтірмейді. Төрткүл дүние көз тіккен шара ел аузында. Басты сұрақ кеткен шығын ақталды ма?  Бұл сауалға Елбасының өзі жауап берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Конечно, затратили, но затратили для Универсиады, для Алматы я давно хотел построить эти объекты. Алматы – 2 миллионный город, ему нужна была ледовая арена, 2 ледовые арены, ему нужны эти спортивные комплексы, 1748 квартир построено было. Все сейчас передали алматинцам, которые стояли в очереди, особенно нуждающимся. Что касается ЭКСПО, все гостиницы были полные, все объекты МСБ на этом заработали, спонсоры давали денег, было сэкономлено половина намеченных средств. 

Қыруар қаражатты үнемдеу әрине оңайға соқпады. Көрме басталмай жатып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тап болдық. Ең сорақысы, бұл кеселдің емі әлі табылған жоқ. Билікті ұстаған шенеуніктер бірінен соң бірі қазына қаржысына қол сұққаны үшін сотталды. Бірнеше томнан тұратын  атышулы қылмыстық іс құдды бір эпопея секілді. Айтуға ауыз бармайды. Бірақ ауруын жасырған өледі. Соңғы 2 жылда 1129 мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Президент ЭКСПО, он запланировал расходы на строительство ЭКСПО 800 млрд, пришел Есимов он ровно на половину скостил, за 400 млрд построили. Аким Павлодарской области, Карагандинской области и заместители министров, чиновники,  недавно те кто занимался фармацией тоже привлекаются к ответственности. То есть ни у кого запретных зон нету. Все должны это понять. Министров сажаем в тюрьму. А что хорошего? Ничего хорошего нету. Министров сажаем в тюрьму а что хорошего? Ничего хорошего? А сколько надо тратить время, чтобы вырастить людей до такого уровня. Помогать им поддерживать. И раз получается так. Так что борьба с коррупцией есть. И мы его останавливать не будем. Будем еще с большей силой бороться. 

Бастысы, көрмеге арнап салынған нысандар кәдеге жарап жатыр. Елбасымен журналистердің осы сұхбаты «Нұр әлем» ғимаратының жоғарғы қабатында өтті. Мұражайға айналған бұл нысанға күнделікті  600 адам бас сұқса, демалыс күндері келушілердің саны 2 мыңға жетеді. Көрменің өзге ғимараттары да бос тұрған жоқ. 1 қаңтардан бастап, ЕХРО-ның орнында Халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастайды. Ол Дубай Қаржы Орталығының үлгісі бойынша құрылды. Ағылшын құқығына негізделген. Демек, елге келген қалталылар салған ақшасының сақталатынына сенімді бола алады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Доверие судебной системе должно быть, не надо ходить в арбитраж. Раз здесь английское право, судьи, значит можно приехать в Казахстан и можно вкладывать деньги. Хорошо, что этот центр будет единственный в регионе Центральной Азии и России его нет. 

Ал салық төлеушілерді толғандыратын басты мәселе зейнетақы. Қордағы қаражаттың сақталуына мемлекет қаншалақты кепілдік береді? Зейнеттің бейнетін көретін күн туа ма? 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Я думаю, доживешь, будет пенсия. Я в таких мыслях, снова передать в частные руки, не знаю. Мы пока вот так вот централизованный национальный банк, государство отвечает за сохранность этих накоплений. 

Ал Астананы газбен қамтамасыз ету алдағы күндердің еншісінде. Сарыарқа төсіне көгілдір отын жеткізілетін болды. Қоғамда қызу талқыланған тағы бір сауал Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Алматының орталық көшесіне берілуі. Астанадағы  халықаралық әуежай да Елбасының атымен аталды. Алайда Президент мұндай бастамаларға қарсы екенін кесіп айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Кто-то мне написал недавно письмо, не знаю откуда. Что Назарбаеву каменные памятники не нужны. Раз уж он построил столицу. Я с ним полностью согласен. Это все суета. Я приводил высказывание одного римского императора по этому поводу, обидел одного своего друга, соседа, коллегу. Это М.Аврелий который увеличил территорию Римской империй. Завоевал много земель. И все говорили Марк почему у тебя памятника нет? Знаешь, я не хочу чтобы спрашивали чей этот памятник. Пусть после мне скажет почему у него памятника нет. Знаешь, мне очень это нравится. Я его помню и всегда рассказываю об этом. Поэтому я всегда выступаю против этого. 

Өткенге жылға өкпе жоқ. Тауық жылында ел тарихында қалатын айшықты оқиғалар көп болды. Бірақ тыңдырылған іске тоқмейілситін кезең емес. Әлі алда атқаратын шаруа шаш етектен. 

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

3. Сындарлы саясат

Аптаның басты жаңалықтарын айттық. Енді жыл қорытындысын жалғасақ. Қазақстан дипломатиясы мен бейбітішілік – егіз ұғым. Биыл әлемнің аты әйгілі сарапшылары бізге осындай баға берді. Расында, «соғыссыз әлем» құру – Ұлы дала елінің ұлы миссиясы. Тәуелсіздік түндігін түрген сәттен бастап, төрткүл дүниеде төртінші орынды иеленген атом қаруынан түбегейлі бас тарттық. Сөйттік те, Біріккен Ұлттар ұйымының мінберінен «Семей сынақ полигоны жабылған сәтті – адамзат атаулыға ортақ күн» деп атау бастамасын көтердік. Алты құрлық Алты алаштың үніне бас бұрып, 2009 жылдың желтоқсанында «29 тамызды – халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні» деп жариялады. 

Сол қарқын 2016 жылдың маусым айында заңды жалғасын тапты. Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі боп сайланды. Бұл тарихи оқиға, ұлттың толысқандығының көрсеткіші. 

Әлемдік саясаттың күйіп тұрған бір тақырыбы – Шам еліндегі шайқас. Осынау мәселеде арағайындық ету Астанаға бұйырды. Таңдау жасаған адуыны күшті алыптар. Бұл дүние жүзі қауымдастығының Қазақстанды тұрақты әрі сенімді әріптес санайтындығын танытса керек. 

Сегіз раундқа да соғыс өртінің ортасынан «халық жасақтарының командирлері» келіп қатысты. Бұрын Сирияда деэскалация аумағын құру мүмкін еместей көрінетін. «Астана процесінің» аясында оған қол жетті. Осылайша, «жаһандық саясат» жинағына «Астана процесі» деген жаңа конструктивті ұғым жазылды. 

2017 жыл Ұлы дала елі үшін ішкі де, сыртқы да саясатта елеулі жыл  болды. Биыл Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Америка Құрама Штаттарымен, Еуропалық аймақпен, Түркі әлемімен және басқа да жаһан елдерімен достық қарым-қатынасын одан ары дамытты. 

Әлем мінберінен үн қатқан Нұрсұлтан Назарбаев: «Еуразиялық Экономикалық Одақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Еуроодақ сынды үш алып интеграциялық бірлестіктің ынтымақтастығын нығайту – бәріміз үшін де пайдалы», – деп пайым жасады. 

Бұл ретте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Астана саммиті де айрықша мәнге ие. Ұйым құрамына Үндістан мен Пәкістан қосылды. Мұны  дүние тарихында алтын қаріппен жазылар оқиға деуге болады. Менің тарқатқаным сыртқы саясаттағы беделіміздің бір сыпырасы ғана.  

Биыл көптеген елдермен дипломатиялық байланыстардың орнағанына ширек ғасыр толды. Солардың бірі Ресей. Құдай қосқан көршімен диалог белсенді. Нұрсұлтан Назарбаев жиі кездескен көшбасшылардың бірі Владимир Путин. Астана мен Мәскеу тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті жалғастыруға мүдделі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-В этом году отмечаем 25-летие установления дипломатических отношений наших стран. Россия для Казахстана важный и самое главное надежный партнер, союзник. И этим все сказано. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

-Біз сізбен ұдайы кездесіп тұрамыз, оған қазіргі факторлар себеп. Қоян-қолтық араласуымыз қос елдің байланысын одан әрі дамыта түсеріне еш шүбәм жоқ.

Ресейге іргелес жатқан Беларусьпен де байланыс беки түсті. Александр Лукашенконың шақыруымен елбасы қарашада Минскіге сапармен барып, бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізді. 2026 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісім – ең негізгісі. Басты міндет – жақын болашақта сауда-саттықты 1 млрд доллардан асыру. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сотрудничеству до 2026 года. Его комплексный характер определяет новый, стратегический ориентир для сотрудничества наших стран. Самое главное у нас есть общее желание. 

Бұл екі елмен Еуразиялық экономикалық одақ аясында да ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Бірлестіктің ахуалы жақсарды, экономикалық белсенділік артуда. 

Жалпы Қазақстан биыл Орталық Азия елдерімен өңірлік ықпалдастықты арттыруға басымдық берді. Бір ғана мысал, ала шапанды ағайынмен арақатынас түзеліп қана қоймай, сауда-саттық еселене түсті. Екі елдің таңдаған жолы ынтымақтастық болса, қос көшбасшы оған барлық негіз жасай білді. Биыл өзбек преиденті Қазақстанға төрт рет аялдаса, Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентке мемлекеттік сапар шекті. Өзбек ағайынның қазақ көшбасшысына құрметі ерекше. Шавкад Мирзиеев елбасын әуежайдан күтіп алып, ұшаққа шейін шығарып салды. Екі ел ынтымағы жанданғанның көрінісі. Жылдың алғашқы 8 айында сауда-саттық 1,3 млрд долларға жеткен. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Екі елдің арасы жақын болуына көп шаруа жасап жатырсыз. Біз ешқайда кетпейміз, көршіміз. Бабаларымыз да бірге болады, біз де біргеміз. Балаларымыз да бірге болады, сондықтан екі елдің арасындағы достығы, туысқандығы, бір болуы мен үшін өте қымбат. 

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

-Өңіраралық байланысты нығайтқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Қазір шекаралас аймақтар бір-біріне еркін қатынап, алғысын жаудырып жатыр. Сонымен бірге Алматы-Ташкент бағытында ашылған темір жол қатынасы біздің байланстың бір биігін көрсетті. 

Түрікмен ағайынмен де серіктестік сындарлы. Алыс-берісі мен барыс-келісі бәсеңдемеген екі жұрт биыл бір-бірін халықаралық шаралар өткізуде қолдады.  

Гурбангулы Бердімұхамедов «ЭКСПО-ның» ашылуына келсе, Нұрсұлтан Назарбаев жабық ғимаратта өтетін Азия ойындарын қабылдаған Ашхабадқа тілектес болды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Наш соседский, братский долг поддержать в такиx случаяx, поддержать, порадоваться. Я Вас поздравляю с Азиатскими играми в закрытых помещениях. Мы близкие соседи, братья всегда. Мы всегда говорим должны иметь тесные отношения между собой. 

Каспийдің арғы жағындағы ағайынмен де тату көршілік нығая бермек. Нұрсұлтан Назарбаев көктемде Бакумен байланыстарды бекемдеп қайтты. Қазақстан - өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің жақтасы. Сондықтан Таулы Қарабақ түйткілінің бейбіт шешілуін қалайды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-И мы хотели бы, чтобы здесь был мир, и вопрос был решён мирным путём. Это отвечает как интересам армянского, так и азербайджанского народа и всех нас. В одном кусте живём, нам надо торговать, жить и надо развиваться. 

Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили де Кавказда тұрақтылықты қалайды. Астанаға алғаш келген мейман Қазақстанның тату көршілік саясаты мен бітімгерлік бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Екі жақ транзиттік әлеуетті күшейтіп көрмек. Оны «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында өрбітуді көздеп отыр.  

Жалпы Орталық Азия мен Кавказ елдерінің барлығы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Сондықтан өңір инфрақұрылымды дамытуға мүдделі. Интеграция тұтас Еуразия құрлығын қамтымақ. Бұл мәселе Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» форумында кеңінен пысықталды. Нұрсұлтан Назарбаев жиынның басты қонақтарының бірі. Қытай бастамашы болған Жібек жолының экономикалық белдеуі қазақтың «Нұрлы жолымен» біте қайнасып жатыр. Айтпақшы, жаһандық белдеудің бір тармағы ұлы даланы көктей өтеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Выступив с инициативой «Один пояс, один путь», Китай показал миру новую модель региональной кооперации. Провозглашенный подход «стабильность через совместное развитие» является сейчас привлекательной формой международного сотрудничества, отражающей экономические интересы десятков стран по пути. 

Си Цзиньпинь, Қытай Халық Республикасының Төрағасы:

-Қазақстан – құрлықаралық жүк тасмалы бойынша чемпион. Еуразия аймағы батыспен шығысты байланыстаратын алтын көпір. Осы орайда сіздердің үлестеріңіз зор.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Циньпиннің келіссөздері Астанада жалғасын тапты. Маусым айында Қытай төрағасы ресми сапар жасады. Ізін ала ШЫҰ-ның саммитіне қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Таким образом Шанхайская организация сотрудничества де-факто стала фактором мировой политики, мировой экономики.

Мемлекет басшысы бұдан бөлек биыл тағы бірнеше саммиттерге қатысты. Бішкекте өткен ЕАЭО отырысы, Сочиде ТМД басшыларының кеңесі, Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жиыны, Абу Дабидегі «Болашақтың энергиясы» форумы мен Эр-Риадтағы Америка-Ислам әлемі саммиті. Соңғысына Сауд Арабиясының королі Нұрсұлтан Назарбаевты арнайы шақырды. Саммит алаңдарында елбасы АҚШ президенті Донольд Трамппен кездесті. Қос көшбасшы ынтымақтастықты сөз етіп, халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты. 

Саммиттердің шеруі Астанада Ислам Ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технологиялар жиынында жалғасты. Тарихи шара барысында қазақ елі мұсылман әлемін игі мұраттарға жұмылдырып, ғалымдардың ізденістеріне қолдау көрсетуге шақырды. Есесіне көпшілік исламдық қаржыландыруды күшейтуге үн қосты. 

Саммит қарсаңында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Астанаға ресми сапар жасаған болатын. Ұлы дала мен анадолылық ағайын 25 жылдық әріптестікті қорытындылап, жаңа қадамдарын айқындады. Астана өңірлік тұрақтылықты қамтамассыз етуге сүбелі үлес қосып жүр. Сирия шиеленісін шешуге талпынысын Түркия жоғары бағалап, Астана процессінің сәтті өтіп жатқанына алғысын білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-25 жылдың ішінде Қазақстан мен Түркия арасында ағайыншылық қарым-қатынастан басқа мәселе болған жоқ. 

Реджеп Тайип Ердоған, Түрік Республикасының Президенті:

-Бұл жерді өзіміздің екінші үйіміз деп санаймыз. Біздің өңірдегі қақтығыстарды шешудегі талпынысыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. 

Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыруға мүдделі жақтың бірі Иордания. Тас-талқан болған Ирак, берекесі қашқан Сириямен де шектеседі. Сондықтан өңірде бейбітшілікті орнатуға қосқан қазақ елінің еңбегін жоғары бағалап отыр. Мұны Иордания королі Астанаға келгенінде айтты. Айта кету керек, серіктестік бұл елмен де жақсы өрбіп келеді.

Екінші Абдалла бен Әл-Хусейн, Иордания королі:

-Құрметті Президент мырза, біз Қазақстанның әлемдік қауіпсіздікке қосып келе жатқан үлесін жоғары бағалаймыз. Сондықтан сіздің көшбасшылық қабілетіңіз біз үшін аса маңызды. Бізге үнемі қолдау көрсететініңіз үшін Иордания халқының атынан алғыс білдіремін. 

Қазақстан биыл Еуропалық одақпен де серіктестікке серпін берді. Кәрі құрлықтың біраз елі ұлы даламен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Солардың бірі Польша. Варшаваның үлкен делегациясын ел президенті Анджей Дуда бастап келді. Екі жақ әсіресе бизнесмендерге еркін қатынауға жол салып, Азия мен Еуропа арасында тауар тасымалын жетелдету үшін инфрақұрылымдық дамуға ден қойды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы готовы помогать друг другу также в формировании современной транспортной инфраструктуры для ускоренной доставки грузов из Азии в Европу и наоборот. 

Анджей Дуда, Польша Республикасының Президенті:

-Поляк компаниялары Қазақстан нарығында бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оларға әрине 30 күнге дейін виза режимін алып тастау әрекеті оң септігін тигізіп отыр. Бұл игі қадам іскерлік байланыстармен қатар, туристік сапарларға да жеңілдік беруде.

Бұдан бөлек Испанияның королі Филипе VI да Астанаға келді. Бұл оның Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. Екі жақ арадағы сауда-саттықты арттыруға ниетті. 

Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейту үшін елордаға алғаш келген мәртебелі мейманның тағы біреуі Швейцария Конфедерацияның президенті. Дорис Лойтхардпен өткен кездесуде саяси-экономикалық байланыстарды тереңдету жайы талқыланды. 

Ширек ғасыр сенімді серіктестіктің үлгісін көрсеткен Қазақстан-Германия ынтымағы да өрге баса бермек. Бұған Германия Президентінің қазақ еліне сапары тың серпін әкелді. Наурыз айында Германияның Президенті болып тағайындалған Франк-Вальтер Штайнмайер ТМД елдері ішінде бірінші Қазақстанға сапарлады. Әріптестік әр салада өрістей түседі. Осы жолы жалпы сомасы 1 миллиард доллар болатын  20 келісімге қол қойылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Нам очень приятно, что мы являемся хорошими партнерами вашей страны. И мы заинтересованы развивать отношения по всем направлениям. 

Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия Федеративтік Республикасының Президенті:

-Біз Қазақстанды осы аймақтағы тұрақтылық пен тыныштықтың мекені ретінде жақсы білеміз. Бұл ретте сіздердің ядролық қарудан бас тартып, бейбіт өңірді құру жолындағы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Соның арқасында саяси-экономикалық дамуға да жол ашылады. 

Осылайша, 2017 еліміздің сыртқы саясаты үшін сындарлы жыл болды. Қазақстан көпвекторлы саясатын жалғастырып, халықаралық аренада беделін нығайта түсті. Еуропа мен Азияның тоғысында Еуразия жүрегінен орын тепкен Ұлы дала көпшілік үшін ынтымақтастық пен бейбітшіліктің шынайы үлгісі болып қала бермек.

Авторы: Мұхтар Ыбырайым

4. Рухани жаңғыру

Еліміздің болашақ бағдарын айқындайтын 2050 жылға дейінгі стратегияда жаһанның 10 сын-қатері жайында жазылған. Міне сол қауіптер жаңарудың жаңа толқынын талап етсе керек. Сондықтан саяси, экономикалық және рухани тұрғыдан өзгеруге тиістіміз.

Үш жаңғырудың жолы үш бағытта емес. Олар бірі-бірін толықтырып, қоса қабат жүруі тиіс. Конституциялық реформа мен технологиялық төңкерістің өзегі – санадағы сілкініс. Қазақ қоғамы ескінің – естісін, жаңаның жақсысын жанына байлауы қажет. Сонда жампоз шығарына күмән жоқ. Осы ретте Елбасы алты мақсат пен алты міндетті айқындап берген. Ендігі сауал сол тапсырмалардың қалай атқарылып жатқандығында. Бұған Президенттің өзі жауап берді.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазіргі компьютердегі нұсқаға сай келуі керек. Компьютердің таңбаларын өзгертпеуге жағдай жасау керек. Сол үшін жасадық, Меніңше, қазіргі нұсқа дұрыс деп санаймын. Ол бір. Ол жүріп жатыр. Анау күні 100 жаңа есім деген жобаның қатысушыларын жинадық. Керемет. Меніңше, жылда сондай жасап тұру керек. Өз еліміздің ішіндегі талантты жастарды да, үлкендерді де біз біле бермейміз. Енді оқулық деген мәселе бар. Дүниежүзіндегі оқулықтарды бізге әкелмесек, қалай сай боламыз дүниеге. Мысалы, экономика пәнін алатын болсақ, «Экономикс» деген кітап бар. Ол қазақ тілінде ешқашан болмаған. Қазір шықты. Сондай 18 оқулықты қазақ тіліне аударып үлгірдік. Содан кейінгі Қазақстанның әр жеріндегі киелі нысандар белгілі. Тау мен тастың, өзен-көлдердің аттары және туристік мәні бар үлкен объектілер – олардың да тізімі жасалды. Сөйтіп-сөйтіп, барлық жағынан да жұмыс жасалып жатыр. 

Өзін осы елдің перзенті санайтын азамат атаулыға ортақ және бір дүние бар. Ол – кіндік қаны тамған, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекен – Туған жерге ту тігу. Бұл бағытта да біраз жұмыстың беті бері қарағандай?! Биыл «Туған жер», «Асар» сынды республикалық және облыстық деңгейдегі форумдар өтіп, белсенді азаматтармен келісімдер бекітілді. 

Президент отандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мынадай сандарды сөйлеткен еді. Биыл ауылының тірлігіне атсалысқан кәсіпкерлер есебінен 60 миллиард теңгенің 725 нысаны іске қосылыпты. 320-сы салынып жатқан көрінеді. Осылай жалғаса берсе елді мекендердің жоғы түгенделер.  

Төрткүл дүние күн сайын өзгерген тұста, ешбір ел ешкімге есе жібергісі келмейді, керісінше алға ұмтылды. Қазақстан да қамсыз қалмады. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. 

Нұрсұлтан Назарбаев осылайша ой толғап, әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртар алты бағытты анықтап берді. Бұл бағыттардың жүйелі жүзеге асуын Үкіметке тапсырды. Жобалардың көбін бюджетке салмақ салмай шешуге болатынын айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мысалы, «Туған жер» деген бағдарламаны әкімшіліктерден ұлттық комиссия жасаймыз да, комиссияның ішіне кіргіземіз. Ол жергілікті жерлерде болуы керек. Кітап аудару мәселесі шешілген. Қазіргі бөлінген қаражат арқылы кітаптарымызды сыртқа шығару мәселесін шешу бар. Латын әліпбиіне көшуге қатысты ғалымдар жұмыс істеп жатыр.

Рухани жаңғыру аясында басталған жұмысты жұртшылық қуана құптады. Әсіресе, зиялы қауым елдігімізді бекемдейтін бірегей бағдарламаға қатысты ой-пікірлерін белсенді білдірді. 

Дулат Исабеков, жазушы:

-Біз неге осыны ертерек жасамады екен деп асықтық. Енді қарап тұрсақ, әр нәрсенің өз кезеңі болады. Мысалы, піспей үзілген жеміс шикі болады немесе ащы болады. Жаңғырудың жаңа бір сатысына аяқ басуға жасаған мақалаңыз бәріміздің көңілімізден шықты. 

Жыл басында Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, алдағы атқарар істі мұқият пысықтады. 

Нұртөре Жүсіп, «Айқын» газетінің Бас редакторы:

-Осы жұмыс топтары алдағы уақытта мақалада көрсетілген кешенді бағыттар бойынша нақты жұмыстар жасайды. Және өңірілік. Қазақстанның әр өңірінде де өңірлік комиссиялар құрылады. Оларға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, қоғам белсенділері қатысатын болады.

Президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында білімнің салтанат құруына басымдық берілген. Осы саланы биік қойған ұлттың табысқа жететіні жазылған. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мир настолько меняется, через пару десятилетий примерно 50% профессий, которые мы знаем, они исчезнут. Они не нужны будут, придут роботы. Прибудут 3Д принтеры, придут еще чего-то. Даже дома хозяйка освободиться от работы, готовить, убирать, стирать это будут делать роботы. А что делать людям, которые работают на этом? Вот если у него есть соответствующее образование, он имеет возможность изучить другую профессию, и перейти, и работать дальше. Правильно? 

Елбасы уақыт күттірмей атқаратын шаруаның бірі деп латын әліппиіне көшу жайын жазған. Дамыған елдердің көшіне қосылу үшін әрине латын қарпі керек екенін белгілі. Сондықтан бұл істе ілгері басты. Маусым айында дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өткен кезде Елбасы мұны тарыдай шашылыған қазақтардың ұйысуына түрткі болатынын жеткізді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Біріншіден, қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам. Бұрынғы КСРО ауқымында, ТМД деп аталатын біз кириллица, Қытайдағы қандастарымыз төте жазу, батыс елдеріндегі бауырларымыз латын әрпін қолданады. Сонда сөйлескенде тіліміз бір болғанымен, оқығанда тіліміз үш түрлі. Бір-бірімізді түсіне алмаймыз. Жазуын ұқпаймыз. Көп ұзамай бұл олқылықтарды жою үшін біз жұмыс істеп жатырмыз. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі бірлігімізді нығайтып, рухани бізді жақындастыра түседі. 

Рухани жаңғырудың бір тарауы – Туған жер. Атамекенді қадір тұтуға баулитын бастаманың мәні терең. Бағдарлама отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелейді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазақстанның әрбір сай-саласын, тауын, жолын, тұрғын нәрселерді, судың атын қайдан шыққанын жазсақ, сонда қазақтың тарихы ешқашан өшпейді. 

Қазақ даласы киелі мекендерден кенде емес. Кесенелер, қорғандар мен көне шаһарлар жетіп артылады. Демек, олардың тізімін жасау арқылы мыңжылдық тарихты түлетумен қатар, әлемге танылуға болады. Оның үстіне туризмді дамытуға серпін береді. Президент тамыз айында біздің арнаның журналистеріне берген сұхбатында осы саланы дамытудың болашағы туралы айтып берген болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Дүние жүзінде туризм деген барлық экономиканың 10%-ын құрайды. Бұл өте үлкен көлем. Бізде өте аз әлі. Біз 2025 жылға дейін экономикамыздың 8%-ын туризмнен аламыз деп отырмыз. Ол үшін өте көп жұмыс істеу керек. Даланың өзі, таудың өзі басқа елдер үшін өте қызықты. Көрсете білуіміз керек. 

Президент жариялаған мақала бірнеше ай бойы қоғамның терең талқысына түсті. Әсіресе латын қаріпіндегі әліпби турасындағы ұсыныстарда қисап жоқ. Қыркүйекте Парламенттің қос палатасында қос жоба таныстырылды. Алғашқы нұсқада 25 таңба және 8 дыбыс берілсе, екіншісі дәйекше арқылы таңбаланған. Таңдау соңғысына түсіп отыр. 

Мұнымен қатар осы айда «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жүйріктері анықталды. Әуелде лайық деп 2000 адам ұсынылыпты. Кейін жұмыс тобы ол қатарды үш жүзге дейін қысқартқаны бар. Ізінше халықтың таңдауына мүмкіндік беріліп, оның 100-і үздік деп танылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Я ознакомился с вашими биографиями, вашей жизнью. Вы кипите в этом обществе, созидаете. Вы вышли вперед. И мы теперь встречаемся как 100 новых лиц годов независимости, которые победили, стали ведущими. Я вас поздравляю! Я смотрел, вы уникальны. Независимость дала вам возможность показать свои таланты, проложить путь в будущее. И самое главное стать примером для молодежи, которая будет идти за вами.

Осы жылы «Қасиетті Қазақстан» жобасы да жүйелі іске асты. Бастапқыда республика деңгейінде ғылыми экспедиция жасақталған еді. Сөйтіп мүйізі қарағайдай тарихшылар елдің сегіз қиыр, төрт тарабын түгел шарлап, жалпыұлттық маңызы бар 100 нысанның тізімін жасады. Ал туған жерге туын тіккен азаматтардың жөні бір бөлек. Олардың еңбегіне мемлекет пен халық лайықты бағасын берері анық. Жалпы алғанда «Жаңғыру» деген тарихтың өзі сынды жалғаса беретін үдеріс. Сондықтан жаңа дәуірдің жағдайына бейімделіп, өмір сүру үшін өзгере білу керек. Ол болашақ ұрпақ алдындағы біздің тарихи міндетіміз. 

Авторы: Сәкен Сейітханұлы 

Жаңғыру деген тарихтың өзі сынды – үздіксіз жалғаса беретін процесс. Сондықтан жаңа дәуірдің жағдайына бейімделіп, өмір сүру үшін өзгере білу керек. Біздің рух – қай күштен де қуатты! 

Биылғы жылдың Қазақ еліне бергені көп. Астанадағы жаңажылдық қайырымдылық балына қатысу барысында «Ендігі жылдан да алар еншіміз аз болмасын» деп ниет етті Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Наступает 2018 год. Каждый год по своему важен. В больших трудах проходит. Такова жизнь, такой мир сейчас. В этом году мы начинаем председательство в Совете ООН. Это исключительное доверие молодому государству, которое оказывают более 200 стран мира. Мы дорожим этим и будем с января месяца там председательствовать. Следующий год, я думаю, год съезда мировых традиционных религий. Год Саммита совещаний по мерам доверия в Азии. То есть много больших, замечательных дел, больших вопросов, свидетелями, которых мы будем. Самое главное мы хотим, чтобы это был еще один добрый шаг на пути развития, рассвета нашей страны на благо нашего народа. И я хочу пожелать вам всего самого доброго, счастья, крепкого здоровья! 

Еліміздің жетістігі – әрбір қазақстандықтың күш-жігері мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Соны сезіне отырып, әрі қарай жұмыла жұмыс істеуге шақырды, Елбасы. Кеш барысында есте қалған ерекше сәт – Мемлекет басшысына «Астана» клубының спортшылары жеңіс голы соғылған допты табыс етті. Елордалық футболшылар желтоқсан айының басында Чехияның «Слован» командасынан 1:0 есебімен басым түсіп, ел тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев сөз соңында «келер жылы да керемет оқиғалар көп болсын» деп барша Қазақстан халқына ақ тілегін арнады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жүрегіміздегі от еш уақытта сөнбесін! Махаббат төңірегімізді аралап жүретін болсын! Одан артық нәрсе жоқ. Махаббат деген Отан деген сөз. Махаббат деген үй деген сөз. Махаббат деген ғашығың деген сөз. Сол махаббат сөнбесін! Оны өздерің жүректеріңнен шығармаңдар! Аман-сау болайық! Бірге болайық! Бір болайық! Алға қарай жылжи берейік! Құтты болсын!

Жаңа жылдарыңызбен! Шаңырақтарыңызда шаттық орнасын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болғай!