Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Cалтанат» деректі фильмі

Оның балалық шағы аумалы-төкпелі қиын-қыстау шақтарда өткен. Жастайынан қазақтың қасиетті қара домбырасын жанына серік еткен күйші ашаршылық пен зобалаң жылдары ата-анасынан көре алмаған жұбанышты дәл осы домбырадан табады.
Бүгінде көпшілік арасында кеңінен танымал Қаратау күй мектебінің өкілі, дәулескер күйші Төлеген Момбековтің «Салтанат» күйі жайлы барша қазақ біледі. Адамның мұңын тілсіз екі шектің мақамымен әр кеудеге құйып беретін күй жайында «Бір туынды тарихы» деректі фильмдер циклінен біле аласыздар!