Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Есіңе мені алғайсың» деректі фильмі

Алаш барда аты өшпейтін, ұлтымыз ұлықтайтын, туындылары шаң басып архивтерде жатпайтын тұлға – Мұқағали Мақатаев. Ақын шығармаларының ішіндегі зау биікте әуелеп тұратын әндердінің бірі – «Есіңе мені алғайсың».

Бүгінде Мұқағали Мақатаев та, Мәдина Ералиева да, осы ән де аңызға айналды. Тек аңыз әннің авторы, толағай талант иесі Елена Әбдіxалықованы біреу білсе, біреу білмес. «Бір туынды тарихы» циклін тамашалаңыздар!