Хабар телеарнасы

«Қалдық та қаржы» деректі фильмі

Өртеу арқылы жылу мен энергия алады. Түтінді сүзгіден өткізіп, ауаға таза түтін шығарды. Одан пайда болған шлакпен бос шахталарды толтырады. Ал жанып біткеннен кейінгі күлді жол құрылысында қолданады. Яғни кез келген нәрсені керекке жаратады.
Швецияда қара алтыннан гөрі, қатты қалдықтарға сұраныс жоғары. Тіпті тапшылық та туындайды. Өндіріске өздеріндегі шикізат жетпейді, өзге елдерден сатып алады. Импорттың бір жылдағы мөлшері 800 мың тоннадан асады. Бұл – жарты ғасырдағы меже.
Қазақстан да тұрмыстық қалдықтарды көршілес елдерден сатып алады. Алматының жанындағы қағаз өндіретін кәсіпорын шикізаттың 30 процентке жуығын Ресейден импорттайды. Бәлкім, өзіміздегі жетер ме еді?! Қолданыстан шыққаны қоқысқа кетпегенде...