Хабар телеарнасы

«Индустрияландыру идеясы» деректі фильмі

Қазақстан ТОП-30 қатарында. Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу – 2019» рейтингісінде еліміз Жапония, Франция, Испания, Швейцария сынды алпауыттарды басып озып, 28-орынға орналасты.
20 жыл ішінде елімізге 300 млрд доллар көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды.
Әлем «Төртінші өнеркәсіптік революцияның» табалдырығында тұр. Технологиялық, экономикалық, әлеуметтік саладағы қарқынды өзгерістер – жаңа дәуір жаңғыртуы.