Хабар телеарнасы

Кемел Тоқаев. «Өнегелі өмір» деректі фильмі

Жер бедеріне ақар-шақар шыңымен ерекше сән беріп тұратын асқар таулар секілді Адам Сәфи ұрпағы арасында да сондай айрықша көзге түсіп, пенде баласына көрік беретін тұлғалар болады. Әр әулеттің бас көтерер азаматтары тағдыр жолында соқтықпалы, соқпақсыз жермен жүріп, шыңдалып, соңындағы ұрпағын, ел-жұртын өмірдің түзу даңғылына бастайды.

Біз айтар кейіпкер – өз өмірінің, өз ұрпағының қаһарманы Кемел Тоқаев. Ұлы тұлға хақында «Өнегелі өмір» деректі фильмін тамашалаңыздар!