Хабар телеарнасы

«Арман жолы» мюзиклі

Айгүл Иманбаева, Айқын Төлепберген, Луина, Жеңіс Сейдоллаұлы, Нұрлан Әлімжанов, Ерден Жақсыбеков сынды өнер адамдары мен «Қазақ аруы – 2015» Кәмшат Қоскелова бұл мюзиклде басты рөлдерді сомдайды.

Жоғары оқу орнын бітіре сала ауылға жұмыс істеуге барған бойжеткенді Олжас және Айдар есімді екі жігіт бірден ұнатып қалады. Олар бір-бірімен бақталасып, арудың назарын өзіне қаратқысы келеді. Сонымен Айшаның көңілі кімге ауады екен?

Әзіл мен әнге, таңғажайып табиғат көріністеріне толы «Арман жолы» мюзиклін тамашалаңыздар!