ТОП бейне

«Хабар» арнасы «Сана» атты бағдарлама әзірлеп жатыр

«Хабар» арнасы «Сана» атты бағдарлама әзірлеп жатыр

«Хабар» арнасында тұсаукесер! Қалың көрерменге «Сана» жобасы жол тартты. Мақсаты – өткір тіл, тұщымды оймен тарихымызды көрерменнің санасына құйып беру. Бағдарлама концепциясы Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына негізделген.

«Мақсатты аудиториясы жастар болғандықтан, хабардың тілі түсінікті, мазмұны терең болады», – дейді авторлар. Шоу форматындағы жобаның қонақтары тарих, өнер, сәулет сынды сан саланың саңлақтары таңдалады.

Айта кетейік, бағдарлама жұма сайын сағат 17:30-да орыс тілінде көрсетіледі.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» Агенттігі» АҚ бас продюсері:

- Негізгі мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының ішінде айтылған ойларды, тұжырымдарды кеңінен тарқату. Оны да жай ақпарат ретінде ғана беріп қоймай, оған сарапшылардың көзімен де ой қосу. Оны қорытындылап, бүгінгі жастардың санасына, ой-өрісіне әсер ететіндей қылып жеткізу.

Марат Тоқмағамбет, бағдарлама жүргізушісі:

- Бағдарламада тарихи құнды фактілер туралы егжей-тегжей әңгімелейміз. Ата-бабаларымыз туралы көптеген қызықты материал көрсетеміз.