ТОП бейне

Тележурналист Галина Полеваяның еміне қажетті қаражатты жинау жалғасуда

Тележурналист Галина Полеваяның еміне қажетті қаражатты жинау жалғасуда

Жарты жыл бұрын қазақстандықтар спорт журналистің ауыр дертке шалдыққаны туралы естіп, аймақтардағы абзал жандар ақша жинап, Галинаның шетелдегі емді бастауына көмек берді. Жілік май ауыстыру операциясы мен сәулелік терапия курсы сәтті өтті. Бірақ кеселінен құлан таза айығу үшін тағы бір операция мен сауықтыру курсы қажет. Галина Полеваяның отбасы мейірімді жандардан тағы да көмек сұрайды. Facebook парақшасындағы «Галина Полевая өмір сүр» және Instagram желісіндегі @mama_zhivi парақшасында барлық есеп пен алда өтетін жәрмеңкелердің, өзге де іс-шаралардың жоспары және қажетті реквизиттер жазылған.

Ислам Байрамуков, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері:

- Жүзі жылы керемет адам, кәсіби мықты маман. «Көп түкірсе, көл болады» деген қазақта бір жақсы сөз бар. Сондықтан шетте қалып қалмай, мүмкіндік болса сол кісіге қол ұшын созып, көмек жасасақ, жақсы болар еді.